Әділ қазылар алқасының сөзі

Скачать

Тақырыбы: Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан - жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
2. Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Ой - өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Көрнекілігі: Рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба - белгілер, сайыс барысы жазылған плакат т. б.
Сабақ түрі: сайыс
Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады

Кіріспе:
Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға - алғаш рет Президент күнін атап өтеді. Алайда кейбіреулері бұл мерекенің шығу тарихы ойландырары анық. Айталық былтыр ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Мұның себебі неде? Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт - бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан - теңіз.
1 - жүргізуші (Қасымхан): Қазақ елі ұлан - байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717. 3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.

2 - жүргізуші (Айкен): Осындай кең - байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз іңгәсі бар. Ол - көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.
1 - жүргізуші(Қасымхан): ҚР - ның Ата заңының 9 - бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар, - делінген.

2 - жүргізуші(Айкен): Сондай - ақ осы заңның 34 - бап, 2 - тармағында Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті, - делінген. Олай болса бүгінгі 6 - сынып оқушыларының өткізгелі отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.
1 - жүргізуші(Қасымхан): Бүгінгі сабағымызға сынып оқушылары 3 топқа бөлініп сайыса отырып, өз білімдері мен өнерін ортаға салуға келіп отыр.

2 – жүргізуші (Айкен): Бүгінгі сайыс сабаққа қатысқалы отырған оқушылардың білімдеріне баға беріп, төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Әділ қазылар алқасы тағайындалады.
1 - жүргізуші(Қасымхан): Ендігі кезекте сайыс сабағымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.
І кезең Сәлем – сөздің анасы
ІІ кезең Менің алғашқы президентім
ІІІ кезең Тарихы терең төлтаңбам
ІV кезең Құлақтан кіріп, бойды алар

2 - жүргізуші(Айкен): Сайыс сабағымызды бастамас бұрын бәріңізге сұрақ қойсақ. Рәміз дегенді қалай түсінесіңдер? Рәмізге нелерді жатқызар едіңіздер?
Оқушылар мен ұстаздардың пікірін білу. Топтастыру
Конституция ------- Астана
Ту --------------------- Әнұран
Елтаңба ------------ Президент

1 - жүргізуші(Қасымхан): Кез - келген мемлекет өз Елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз. Олай болса осы 3 негізгі рәміздер атындағы топтардың сәлемдесу, танысу кезеңіне сөз берейік.
1 - топ Ту , 2 - топ Елтаңба , 3 - топ Әнұран
Сәлем – сөздің анасы кезеңі бойынша оқушылардың жинаған ұпайлары хабарланады.
1 - жүргізуші(Қасымхан): Енді оқушылардың рәміздер туралы білімдерін көрсететін Менің алғашқы президентім кезеңіне кезек берейік.

2 - жүргізуші(Айкен): Талапты бала
Талпынған құстай.
Құмары қанбас
Аспанға ұшпай.
Сайыстың Менің алғашқы президентім кезеңі бойынша оқушылардың шығармаларын оқиды.
Оқушылардың ІІ кезең бойынша жинаған ұпайларын хабарландыру.
Елім менің әнін орындайтын С. Бақтығали
1 - жүргізуші(Қасымхан):
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге?

2 - жүргізуші (Айкен):
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен – таңба?!

1 - жүргізуші(Қасымхан): Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!

2 - жүргізуші(Айкен): Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным алды жаулап ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.

Көркем сөз Тәуелсіздік туралы
1 - жүргізуші(Қасымхан): Сайысымыздың Тарихы терең төлтаңбам деп аталатын кезеңінде оқушылар Ту, Елтаңба, Әнұран тарихынан сыр шертеді.
Оқушылар Ту, Елтаңба, Әнұран тарихын әңгімелейді.

Ту тарихы.
1 - оқушы: Тудың түсі көк болуы – бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары сан тарапқа, ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен, аспан ешқашан бөлінбек емес. Ал, күнге келер болсақ, ол да жапанға ортақ нәрсе. Күн жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Қазақ халқы қашан да қыранды қасиетті, киелі құсқа балаған. Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биікте, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған дүние бұл. Оған қоса туда қазақтың ұлттық ою - өрнегі бейнеленген. Ол қазақтың ұлттық нанымын, қасиетін көрсетеді.

Елтаңба тарихы
1 - оқушы: Шыңғысханды хан сайлағанда ол әр рудың қолбасшы бектерін бірін екіншісінен оңай ажырату үшін әрқайсысына жеке - жеке әскери ат – ұран қойған, құс аты, ағаш аты, және таңба белгілер берген. Ұлы жүз үйсіндердің қолбасшысы Майқы биге: бүгіннен бастап сенің ұран белгің – салауат, бүркіт, қара ағаш, таңбаң сүргі болады, - деген.

Әнұран тарихы
1 - оқушы: 2006 жылы 7 қаңтарда халық санасына сіңіп, жүрегіне жылы ұялаған Шәмші Қалдаяқовтың әніне, Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған Менің Қазақстанымды әнұран болып бекітілді. Ол алғаш рет елбасын ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
Оқушылардың ІІІ кезең бойынша жинаған ұпайларын хабарландыру.
1 - оқушы: Қазақстан туы халықаралық жиындар мен бас қосуларда, Республика президентінің шет елге шыққан сапарында көтерілген сайын мені біздің қазақ халқының туы деген мақтаныш сезім билейді .

2 - жүргізуші(Айкен):: Көк аспандай тулардың
Желбірейтін күні – бұл!
Елім деген ұлдардың
Елжірейтін күні - бұл!
Олай болса Құлақтан кіріп, бойды алар кезеңі бойынша оқушылар ән сайысына түседі. Үш топ оқушылары ән орындайды. Ү кезең бойынша оқушылардың алған ұпайлары хабарланады.
1 - жүргізуші(Қасымхан): Олай болса, рәміздерді құрметтеу - әрбір қазақстандық азаматтың міндеті. Әсіресе, ел ертеңі, болашағы - сендер үшін бұдан асқан мақтаныш пен міндет болмаса керек деп қорытындылай отырып, сайыс сабағымыздың жеңімпаздарын анықтау қорытынды сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Әділ қазылар алқасының сөзі.
1 - топ: Өзіңдікі туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
2 - топ: Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
3 - топ: Әнұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым,
Мәңгі - бақи шырқалады
Республика Әнұраны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Сабақты қорытындылау


Скачать


zharar.kz