Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал

Скачать

ОҚО, Шымкент қаласы,
Көзі нашар көретін Үміт мектеп - интернатында тәрбиеші
Алимбекова Қарлығаш Каримбековна
Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ерлік даңқы мәңгілік
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сыныбы: 9 қ , 10 қ , 11 - 12 қ

Барысы:
Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік.
Бейнекөрініс (соғыс басталуы)

Көрініс: 21 июнь 1941 жыл
21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет радиодан: тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.
1 әйел: Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық - ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?
2 әйел: Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?
1 азамат:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан үшін аттанайық!
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!
Алар жау сыбағасын оңбай бізден ,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

Сахнаға екі жүргізуші шығады.

1 - жүргізуші: Елбасымыздың Нұрлы жол – болашаққа бастау жол атты жолдауында 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын. Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9 - мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған...

2 жүргізуші: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ . Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

1 жүрг: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Көрініс: Отан үшін отқа түс .
(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).
Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)
Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!
Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.
Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!
Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.
Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

Бейнеүзінді (Б. Момышұлы)

Жандос:
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,
Мәңгілік от ескерткіші алауы.
Көктем келіп гүлдегенде бар аспан,
Кең жазира нұрға тұнар ғаламат.
Әлия, Мәншүк бүлдіршіндер есімі,
Балабақша, мектепте жүр аралап.
Әлия, Мәншүк өлмегені сол болар,
Қос қарлығаш ардақталар қорағалар,
Ұмытпаса қазақ өткен тарихын,
Болашаққа даңғыл Сара жол болар.

Бейнеүзінді (Әлия мен Мәншүк)

Ән: Ана туралы баллада

2 жүрг: Елеңдеумен, келер деумен күндіз - түні,
Қайран шеше, білсе уақыт озғанын.
Жылдар бойы жүрді - ау үзбей үмітін,
Бозаң белден күтіп қыршын боздағын.
(Мәншүктің анасына жазған хаты. Мәншүк


Скачать


zharar.kz