Ұзақ мерзімді жоспарлаудың тарауы Алгебралық өрнек7 сыныпСабақтың тақырыбы

Скачать

Ұзақ мерзімді жоспарлаудың тарауы Алгебралық өрнек
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Алгебралық бөлшектерді көбейту
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары: 7. 2. 1. 20 алгебралық бөлшектерді көбейту
Сабақ мақсаты: Алгебралық бөлшектердің негізгі қасиетін қолданып, бөлшектерді көбейтеді.
Құндылықтарды баулу: Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім
Еңбек және шығармашылық
Пәнаралық байланыс: Экономика (өсім) Химия (пропорция)

Сабақтың басы (7 минут)
Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу, түгендеу
2. Оқушылар кеспе қағаздарын таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді
І топ Бөлшек өрнек
ІІ топ Бүтін өрнек
ІІІ топ Алгебралық өрнек
ІV топ Өрнектер

3. Миға шабуыл әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтаймын. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді

Қандай өрнекті бөлшек өрнек деп атайды?
Алгебралық өрнекті қандай жағдайда қысқартуға болмайды?
Бөлімдері әр түрлі алгебралық өрнектерді қалай қосады?
Айнымалының мүмкін мәндері деп нені айтады?
Оқушылар ауызша бағаланады

Сабақтың ортасы (20 минут)
Оқушыларға жаңа тақырыпқа байланысты нұсқаулық таратылады
Алгебралық бөлшектерді көбейту үшін олардың алымдарының көбейтіндісін алымына, ал бөлімдерінің көбейтіндісін бөліміне жазу керек.

№83 А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Жантлеуов Нұржан
Алгебралық бөлшектерді көбейту жүктеу


Скачать


zharar.kz