Рационал сандарды көбейту
Математика 6 - сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандарды көбейту ережелерін түсіндіру, оны есептер шығаруда дұрыс қолдана алуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге, есептер шығару барысында дәлдікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ойын дәйекті баяндай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа ұғымды игеру сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, кеспе қағаздар, электронды оқулық, формулалар
“Миға шабуыл”- өткен тақырыптарды пысықтау
1 - топ.
1. Натурал сандар дегеніміз не?
2. Әр түрлі таңбалы сандарды қосу?
3. - 100 бен - 12 қайсысы үлкен?
Неліктен?
2 - топ
Бүтін сан дегеніміз не?
Таңбалары бірдей рационал сандардың қосу.
Координаталық түзу дегеніміз не?
3 - топ
Рационал сан дегеніміз не?
Екі қарама - қарсы рационал сандардың қосу.
Координаталық түзуде А(- 3) және В(8) арақашықтығы неге тең?
Білу Сәйкестендіру тест
- 0, 73+5, 27 ------ - 5, 52.
2. 1 - 10 ------------ - 2, 5
100+(- 0, 25) ----- - 15, 6.
- 3, 42 - 2, 1 -------- 0.
0 - 2, 5 -------------- 99, 75.
4 –(- 0, 78) --------- 4, 78.
- 3, 32+(- 4) ------ - 7, 32.
- 6, 3+6, 3 --------- - 9.
- 5, 6 - 10 ---------- 4, 54.
Түсіну Мағынаны тану
Рационал сандарды көбейтуде көбейткіштердің құрамында теріс сандар болатындықтан, алдымен көбейтіндінің таңбасы анықталады.
1. Егер көбейткіштердің таңбалары әртүрлі болса:
- 4 • 3 =(- 4)+(- 4)+(- 4)=- 12
- 0, 35• 3=(- 0, 35)+(- 035)+(- 0, 35)=- 1, 05
Таңбалары әртүрлі екі рационал санды көбейту үшін:
көбейткіштердің модулін көбейту керек;
2) шыққан санның алдына - таңбасын қою керек.
(- 8)• 6=-(8• 6)=- 48
Таңбалар ережесі: (-) • (+)=(-) (+) • (-)=(-)
Формуламен берілуі: (- а) • в=- ав а• (- в) =- ав
2. Егер көбейткіштердің таңбалары бірдей болса:
4• 15=60, ------------- 12• 10=120
- 7 • (- 5)=35 ---------- - 0, 2• (- 1, 5)=0, 3
- 2• (- 15)=30 ------------- - 0, 4• (- 0, 1)=0, 04
Екі теріс санды көбейту үшін көбейткіштердің модульдерін көбейту керек.
- 8• (- 10)=8• 10=80
Таңбалар ережесі: (+)• (+) =(+)
(-)• (-) =(+)
Формуламен берілуі: (- а)• (- в)= ав
Математика пәні мұғалімі: Ауезханова Г. Ж.