Ғалымдар: қытайлардың бойы бір ғасырда 10 сантиметрге өскен
Қытайлардың бойы соңғы бір ғасырда 10 сантиметрге өсіп, салмағы артқан. Мұндай деректер 1896 және 1996 жылдар аралығында жүргізілген статистикалық есептен алыныпты. Бұл зерттеудің бас кезінде Қытайдағы ерлердің бойы шамамен 160 см, ал әйелдердің бойы 150 см болған екен. Ал бүгінде мұндағы ерлердің бойы 171, 8 см, ал әйелдердің бойы 160 сантиметрге жетіпті. Сөйтіп, қытайлардың бойы соңғы бір ғасырда 10 сантиметрге өскен. Ғалымдардың пікірінше, бұған қытайлардың ас мәзіріне сүт және сүт өнімдерін енгізіп, тамаққа пайдалануы себеп болған. Өйткені бұл өнімдер сүйектің өсуі мен қатаюына мол септігін тигізеді. Сондай - ақ елге түрлі газдалған сусындар мен фастфудтың келуі қытайлардың толысуына тікелей әсер еткен, деп жазады
ChinaDaily. Дайындаған: Г. Абилова
24. kz сайтынан алынды