Әліппе 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс
Мақсаты: Оқушыларды әліппе пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау, эстетикалық талғамдарын тереңдету, өзін - өзі басқаруы мен ана тілін, туған жерін, Отанын сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгін қуанышты күн. Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын. Балаларымыз білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін дей отырып, ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың
Ата – ана қуанып шаттанады
Оқыды деп баласы мақтанады
Алдарына бұлардың кім шығыпты
Барлық маман мектептен басталады.
Көрініс: Алты жасар баласын
Алпыста атай жетектеп
Келе жатыр көшеде
Қайда әлгі мектеп деп
60 келді сүрініп
6 келді жүгіріп
Бала: Апар ана мектепке
Ата – аналық парызың
Оқып білім аламын
Мен оқушы боламын
Ата: Асықпа әлі қарағым
Санауға енді жарадың
Жасың толсын алтыға
Сонда алып барамын
Бала: Менің қарыс маңдайым
Балаң болам талапты
Тәртіп сақтап әрдайым
Жақсы оқимын сабақты
Ата: Айтқанымды шырағым
Шығарма тек санаңнан
Мектептегі мұғалім
Кем болмайды анаңнан
(сумканы іледі)
Бала: Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз күлімдеп
Қадамымды құп алып
(Осы кезде барлық оқушылар әуенмен сыныпқа кіреді. Сәлемдеседі)
Оқушылар: Қуан шаттан, қуан шаттан
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз бүгін біз.
Жанель: Армысыздар аталар мен аналар, ұстаздар! Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын.
Дана: Армысыздар мұғалімдер әз жанжар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп ән де бүгін шырқалар.
Оңғарсын: Қош келіпті ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейір менен нұр тамар
Алдарыңа жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Аида: Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық (шашу шашылады)