Сыныптан тыс сабақ Сәт сапар, бастауыштың түлегі!
Мақсаты: Оқушылардың төрт жылда қандай жетістіктерге жеткенін көрсетіп, өнер - білімдерін бағалау.
Көрнекілік: Сәт сапар, бастауыштың түлегі сөзі жазылып тұрады, шарлар, гүлдер.
Нақыл сөздер: 1. Ұлылықтың бастауы алтын ұям!
2. Бақыт жолы тек білімнен табылар.
Барысы:
I. Ұйымдастыру
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, ата - аналар! Бүгін міне осыдан 4 жыл бұрын кішкентай болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз, 4 жылдық білімді игеріп, бастауыш мектеппен қоштасқалы отыр. Осы 4 жылдың ішінде мына алдарыңызда тұрған әрбір бала мектеп қағидаларын үйреніп білді.
II. Өлең жолдары
1 оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар.
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Билеп, әнде шырқалар.
2. оқушы: Армысыздар ақ жаулықты аналар
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Балғын шақты біз бақытты балалар.
3 оқушы Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты
Білімділік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді сондықтан да жақын жаты.
III. Мағынаны тану.
Ахмет Игүнеки Бақыт жолы тек білімнен табылар
- Білім артық па, жоқ әлде дүние - байлық артық па?
1. Білім артық. Білім сені асырайды, ал дүниесі сен асырайсың.
2. Білім артық. Өйткені білімің көп болса, досың көп болады, ал дүниең көп болса, дұшпаның көп болады.
3. Білім артық. Білімді іздей берсең толып көбейеді, ал жиған дүниең берсең азайып құриды.
4. Білім артық. Білім көп болса, мені құрметтеп сыйлайды, ал байлығың асса саған қызғанышпен қарайды.
5. Білім артық. Білімді ұрыдан сақтау қажет емес, ал жиған дүниеңді ұрыдан күнде қорғау керек.
6. Білім артық. Білімің көп болса, оны есептеу керек емес, ал дүниең көп болса, оған көп есеп кітап та қажет болады.
7. Білім артық. Білімді көп жинасаң, оны қанша заман сақтасаң да іріп - шірімейді, ал дүние малды көп жинасаң оның азабы да көп.
8. Білім артық. Білімділігіңді жарық қылады, бар нәрсені дұрыс сезінетін етеді, ал дүние - адамдылығыңды қарайды, адамды тура жолдан шығарып бұзады.