Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне қарсы препарат ойлап тапты.
Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне және кезеңіне қарсы ойлап тапқан гендік - инженерлік препаратты ғарышта сынақтан өткізді. Бұл жайында Известия газетіне берген сұхбатында Федеральды медико - биологиялық агенттіктің (ФМБА) Мемлекеттік ғылыми - зерттеу институтының директор орынбасары, профессор Андрей Симбирцев мәлімдеді.
Газеттегі сұхбатта жарияланғандай, қатерлі ісіктерді емдеуге арналған жаңа препарат биотехнология көмегімен алынған. Ғарыштық сынақты сәтті өткізген институт енді клиникаға дейінгі сынақты жақсы аяқтап, онкология саласындағы ғылыми жетістікті жетілдіре түспек.
Симбирцевтің айтуынша, препарат меланом және сарком секілді қатерлі ісік түріне шалдыққан тышқан мен атжалманға салынған. Препарат сырқаттың кез келген кезеңінде де тиімді болып табылып, жағымды нәтиже көрсеткен. Сынақ кезінде дәрінің жанама әсерлері анықталмаса да, қауіпсіздік жөніндегі соңғы шешім шығаруға әлі бір жылдай уақыт керек көрінеді. Тек содан кейін ғалымдар жаңа препарат бойынша клиникалық сынақ жүргізуге кіріседі. Ал, клиникалық сынақ жұмыстарына әдетте 2 - 3 жыл уақыт кетеді.
Дереккөзі: muslim