ОҚО, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылы,
№3"Қазақстан" бастауыш мектебінің мұғалімі
Мырзаева Баян Адырбаевна
Тақырып: Ана мерейі тәрбие сағаты
Тәрбие сағатымыздың шарттары.
1. Әдеби монтаж (ұлдар тобы)
2. Таныстыру.
3. Салт - дәстүрді білесің бе?
4. Мәнерлеп оқу.
5. Өз өнері.
6. Қол өнері.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, асыл аналар, ұстаздар және қыздар. Бүгін бізде үлкен мереке. Ол аналарға арналған Ана мерейі атты тәрбие сағаты. Бұл сабақ 8 - наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр. Құрметті аналар мейрамдарыңыз құтты болсын. Әр жанұяға тыныштық, денсаулық, амандық тілейміз.
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі Ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
1910 жыл 8 - наурызда Данияның астанасы Копенгагенде болған социалистердің халықаралық II конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша халықаралық әйелдер күні белгіленді. Ол алғаш рет Германияда, Австрияда, Швейцарияда, Данияда 1911 жылдан бастап мерекеленеді.
Әдеби монтаж.
1 - оқушы.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтін,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгеннің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
2 - оқушы:
Жүрегі күн, жаны - нұр, жүзі шапақ.
Ана - мақтан, ана – өмір, ана – атақ.
Ана – дәуір, ана абырой, ана - жауһар.
Олармен күн кешудің өзі ғажап.
3 - оқушы:
Нұрлы таң атты, шаттықтың ғана тарт күйін.
Ән айтқың келсе, қуаныш әнін айт бүгін.
Жасырып дүние ұмытып кетті қарттығын
Көктеммен келген 8 - наурыз бүгін.
4 - оқушы:
Маған қымбат адам жоқ бір Анадан,
Бар жақсылық Аналардан жаралған
Жер бетіне өмір нәрін себуші,
Аналарға борышты ғой бар адам.
5 - оқушы
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
1 - жүргізуші: Бүгін, Ана мерейі атты тәрбие сағатымыз 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аяулы аналарымыз бен ару қыздарымызға арналады.
2 - жүргізуші: Сондай – ақ бұл мерекеге қырмызы қыздарымызға арқасүйер қамқор болар білімді де білікті қыран ұлдарымызда қатысады. Сол себепті сыныпты 3 - топқа бөліп, өнерімен біліктілігін орталарыңызға тарту етеміз.
1 - жүргізуші:
Қардай аппақ еті бар,
Қандай қызыл беті бар.
Ақжүністей арудың
Ақылын көрсек несі айып?
Ақжүніс тобын қарсы алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Егізіндей Ақанның
Орны бөлек бұл жанның
Әлдилеп өткен серілер
Серілер тобын қарсы алыңыздар