Информатика пәні мұғалімі: Ильясова Эльмира Амангелдіқызы
Тақырыбы ЖАС ИНФОРМАТИК - 2015
интеллектуалды сайысы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.
3. Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне - өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық - гигиеналық талаптарын орындату.
Сабақтың түрі: Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде өтеді.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер.
Жоспары:
І кезең. Таныстыру сайысы (Топты және төс белгіні таныстыру)
ІІ кезең. Құпия жәшік сайысы (топтық сұрақ – жауап)
ІІІ кезең. Венгр сөзжұмбағы
ІV кезең. Кім жылдам сайысы
V кезең. Бәйге топбасшылар сайысы
Өтілу барысы:
I. Ұйымдастырушылық кезең
Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру
Әділқазылар алқасымен таныстыру
Сайысты өткізу
Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Марапаттау
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан Жас информатик атты информатика пәні апталығына қош келдіңіздер!
Тойлатып, додаласып, өлеңдесіп,
Достарым отырсыңба елеңдесіп.
Ата - салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ - қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып 6 – 7 сыныптар аралығында өткізгелі отырған Жас информатик - 2015 атты іс шарамызға қош келдіңіздер!
Осындай екпінді ду қол шапалақпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды танысамыз.
Алдарыңызда 6 а сыныбы ________________ тобы, 6 б сыныбы ________________ тобы, 7 а сыныбы __________________ тобы, 7 б сыныбы _____________________ тобы.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып.
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас таланттарға.
Өнері мен өренін салыстыра,
Әділ халқым берерсің әділ баға - дей отырып ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайын.
Әділқазылар:
1. Бейсов Болатбек Оразбекович
2. Тұрсынова Салатанат Маратқызы
Сабағымызды бастамас бұрын биыл 6 7 сыныпта информатика пәніне, компьютерге деген сүйіспеншілігін ақын М. Мақатаевтың Поэзия деген өлеңдері арқылы жеткізcсек. Ендеше тыңдап көрелік.
М. Мақатаев Поэзиясынан
Компьютер
Менімен егіз бе едің,
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Информатика кабинетінен сені іздедім,
Мультимедиядан, физикадан сені іздедім
Сені іздедім ұстаздардан,
Мектептерден, кабинеттен, парталардан,
Дүкендерден, фабрика, зауыттардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім интернеттен, агенттерден,
E – mail - дан іздедім, пошталардан,
Сені іздедім
Іздеймін шыдам бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
1 кезеңі Таныстыру сайысын бастаймыз. Сайыскерлер өз топтарының төсбелгілерін және өздерін таныстырады. (2 - 3 минут уақыт беріледі).
(Әр топ өз топтарын таныстырып, ұрандарын айтады)
(Әр топта топ басшысы сайланады)
І кезеңдың соңында Таныстыру сайысының қорытындысын әділ - қазылар алқасы баяндайды. Әрбір топтың жинаған ұпай қорын білейік.
Таныстыру сайысының ұпай сандарын білсек
Білімнің ұшқырлығы ғылым деген,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
ІІ кезең Құпия жәшік сайысы.
Бұл бөлімде сайыскерлерге жәшіктерде жасырылған сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
...- бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда (Ақпарат)
Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (Компьютерлік вирус)
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60 - 70см)
Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл.(Архив)
Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті қалай аталады?(алгоритм)
Компьютердің ақыл - ойы , ең басты бөлігі (процессор)
1887 жылы бірінші перфорациялық машинаны құрастырған ғалымды атаңыз. (Герман Холлерит)
... – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм (Циклдық алгоритм)
Адамдарды өзіңе бағындыратын әлжуаз (информатика кабинеті)
Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін керіп қасқаятын ми (Жүйелік блок)
Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (Монитор)
Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, ия - ні қолдап қайталайтын (Пернетақта)
Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын қорқақ компьютердің кенже баласы (Тышқан)
Тышқанның ең жақын туысы (Джойстик)
Принтерден асып түсетін мешкей (Сканер)
Пернетақтаның балалары (Пернелер)
Компьютер атасы (Ч. Бэйбидж)
Аналитикалық машнаға алғаш бағдарлама ұсынған кім? (Ада Лавлейс)
Алгоритм ұсынушы кім? Қай жылдары? (763 - 850 жж Әбу Жафар Мұхаммед Ибн Муса Әл Хорезми)
Ақпарат неше түрде беріледі (Таңбалық. Бейнелік)
Пернетақта неше бөліктен тұрады? (Функционалдық. Сандық. Әріптік. Меңзерді басқару пернелері).
Компьютер негізгі құрылғыларына не жатады? (монитор, жүйелік блок, пернетақта, тінтуір )
Компьютер қосымша құрылғыларына не жатады? (принтер, сканер, микрофон, веб камера, модем, құлаққап, ақпарат тасымалдағыш)
СD диск сыйымдылығы (650 МБ)
DVD сыйымдылығы (7 ГБ)
Есепшотты батыс европалықтар, жапондықтар, Қытайлықтар қалай атаған? (абак, серобян, суанпан)
19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)
Осылай ІІ кезеңді аяқтай келе қазылар алқасынан бөлім бойынша ұпай қорын анықтасақ.
Жүргізуші:
Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен деп, келесі кезеңімізді бастайық.
ІІІ кезең. Венгр сөзжұмбағы деп аталады. Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?
№1 тапсырма
м т п л о т т н о м
и ы п р р т е и д е
к ш н и е е р о м м
р қ а н т р н н и т
о н т с ө з е т р о
п н и б а й т т е з
р м в п и к м е р е
о ә и а р с о ү а ф
ц т р и х е д я й л
е і у в ж л и я и ц
с н с д а ь ф и к а
с о р а б о н е н т
Жауап: байт терезе файл модем монитор тышқан принтер ж т б
№2 тапсырма.
Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.
ІV кезең. Жарысымыздың келесі кезеңі Көкпар кезеңі.
Сайыс түрі – айтыс. Компьютердің зияны мен пайдасы туралы айтысады. Жасыл және қызыл түсті карточкалар жасырылады, жасыл түсті таңдаған команда мақтайды, екінші команда даттайды
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
Компьютердің зияны мен пайдасы.
1 - топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.
2 - топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.
1 - топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.
2 - топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады.
1 - топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.
2 - топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.
1 - топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
2 - топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.
1 - топ. Білімді құштарлығын оятады.
2 - топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды
1 - топ. Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.
2 - топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.
Компьютер - сенің көмекшің
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабардың.
Үйрену керек бәрінде
Ақпараттық заманның
V кезеңі Жеңіп алда жарыссын, - дей келесі кезең Кім жылдам? сайысын бастайық. Бұл бөлімде барлық командаға жұмбақ жасырылады. Әрбір дұрыс жауап берілген жұмбаққа 1 ұпайдан.
1. Экранның бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмайылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)
3. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер,
Информатикада өлшем бірлік
Ақпараттарды өлшер (бит)
4. Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
5. Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың. (тінтуір)
6. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (тышқан)
7. Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіңе қаратқан (Компьютер)
8. Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың (тышқан)
9. Компьютермен енеді,
Қағаз басып береді (Принтер)
10. Компьютердің айнасы,
Бағдарыңды таңдашы.
Сурет, сөзін көрсетіп,
Тиер саған пайдасы (монитор)
14. Қанша тетік тізілген,
Саусағыңды сезінген.
Барлық сенің ойыңды,
Компьютерге енгізген (пернетақта)
15. Бар нәрсеге жетік,
Миы күшті тетік.
Ол арқылы сөйлесіп,
Кетесің шетелге де өтіп (интернет)
16. Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жеріңде
Компьютерден өшірген (сканер)
17. Төртбұрышты әйнек,
Тұныптұрған әлек. (монитор - монитор)
18. Бұтақ орнында мың біринесі,
Компьютер жанымекені (кактус
19. Тетігін бассаңалаңсыз,
Жазадықалам, қағазсыз (пернетақта – клавиатура)
20. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.(терезе, окно, windows)
Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.
Жүргізуші: Ойынымыздың VІ кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника
8. Дңеөу -------------- Өңдеу
VІІ кезең. Бәйге топбасшылар сайысы. Бұл кезеңде әр топтың топ басшыларына тапсырма беріледі. Мәтіндегі қателерді түзеп, дұрыс жауап беру керек.
Ең жоғарғы ұпай - 5.
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
№1. топбасшысы Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде ең алдымен монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын Жауабы: 8 қате жіберілген
1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады
4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады
5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады
6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққап керек
7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады
8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы.
№2. топбасшысы. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Ең бірінші бас мәзірден керекті бағдарламаны дайындаймыз. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Принтер арқылы суреттің кез келген бөліктерін ерекшелеймін. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын.
Құлаққап арқылы дайындаған суретімді алдын ала қарап, тексеріп аламын. Өз жұмысымның нәтижесін монитор арқылы қағазға шығарамын.
Жауабы:
1. Сурет салу үшін ыңғайлы – Paint бағдарламасы.
2. Word бағдарламасында суреттің кез – келген бөлігі бояуға болмайды.
3. Тінтуір арқылы суреттің кез - келген бөліктерін ерекшелейміз.
4. Бағдарламадағы алдын – ала қарау батырмасымен ғана тексеруге болады.
5. Құлаққап – әуен тыңдау үшін арналған құрал.
6. Жұмыстың нәтижесін принтер арқылы қағазға шығарылады.
Жүргізуші. “Жас информатик” интеллектуалды сайысы өз мәресіне жетті.
Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып, оқушыларды марапаттау.
Информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу