Астана мәтінімен жұмыс

Скачать

Сабақтың мақсаты:
● Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, сан есімнен алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. 2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау. 3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау. 4. Тіл дамыту сәтін өткізу.
ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру, жалпылау: 1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау. 3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
Үй тапсырмасы: Балалар сендерге бүгінгі сабаққа Астананың көрікті жерлері туралы мәліметтерді жинақтап келу тапсырмасы берілген болатын. Өздеріңнің тапқан мәліметтеріңді қайталай отырыңдар. Қазір Астанаға саяхат сабағы барысында үй жұмыстарың да тексеріліп отырады.

ІІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру: Астанаға саяхат
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол - саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
- Балалар, бір - біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
( топтар бір - біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан, біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, түрлі тапсырмалар орындаймыз. Сол себепті мен өзіме әр қатардан көмекшілер тағайындаймын. Ол көмекшілер алдарындағы бағалау парағына өз қатарларындағы оқушылардың жауаптарын бағалап отырады.
Саяхат картасы
3. Пирамида
2. Бәйтерек 4. Ақ Орда
1. Вокзал 5. Думан
6. Хан шатыры
1 - аялдама. Сөздік алқабы. Алдымен жаңа сөздерді тыңдайды. Содан кейін тізбектеп оқиды және сөздермен сөз тіркесін және сөйлемдер құрайды
ғимарат - здание
аялдама - остановка
көрікті - красивий
жаға - берег
орталық - центр
ойын - сауық орталығы - развлекательный центр
Сөз тізбегі Сөз тіркесі тізбегі Сөйлем тізбегі
2 - аялдама. Бәйтерек
1. Мәлімет беру
Астана қаласының сол жағалауында Астана - Бәйтерек монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы - Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі - 97 метр. Астана - Бәйтерек монументі кешенін салу идеясының авторы - Қ. Р Президенті Н. Ә. Назарбаев.
2. Тапсырма. Астана мәтінімен жұмыс.
Алдымен мәтінді тыңдайды. Содан кейін тізбекпен оқып шығады. Мәтіннің мазмұнын түсінгенін Даналық ағашы ойыны арқылы білетін боламыз. Бұл ойында оқушылардың алдында Экскурсовод қыз тұрады. Мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығып, әр оқушы мәтін бойынша сұрақ жазады. Ол жазылған сұрақтарын Экскурсовод қызға береді. Кейін сол сұрақтарға өздері кезекпен жауап береді. (Астана туралы қысқаша мәлімет.)
Астана.
Астана – Қазақстанның төртінші астанасы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Астанада 2002 жылы биіктігі 97 метрден тұратын монумент салынды. Ол Бәйтерек деп аталды. Бәйтерек Есіл өзенінің сол жағында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – жер асты бөлігі, екіншісі – ұзын темірден жасалған, үшіншісі – үлкен дөңгелек шар. Ал дөңгелек шардың ішінде елбасымыздың қолының ізі бар тас орналасқан. Бәйтерек - Астана символы. Сонымен қатар думан ойын сауық кешені бар.
Думан ойын – сауық кешені 2000 жылы салына бастады. Бұл кешенде океанариум, Джунгли балалар аттракционы, боулинг залы, шағын дүкендер бар. Думан океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.
3 - аялдама Пирамида
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Тапсырма
Пирамиданың қызметкерлері бізге тапсырма дайындаған екен. Ендеше балалар тапсырмаға көшейік. Неғұрлым тез орындасаңдар, соғұрлым тез келесі ғимаратқа жететін боламыз. Сендерге сәттілік тілеймін!
Астана мәтінінен сан есімдерді теріп жазып, мағынасына қарай ажыратыңдар.
Жауап: екі мың екінші – реттік сан есім, мың тоғыз жүз тоқсан жеті – есептік сан есім, тоқсан жеті – есептік с. е, үш – есептік сан есім, бірінші – реттік сан есім, екіншісі – реттік сан есім, үшіншісі – реттік сан есім, екі мыңыншы – реттік.
4 - аялдама Ақ Орда
Ақ Орда Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Тапсырма
Ақ Орда бізге сандық сыйға тартып отыр. Бұл – жай сандық емес, сиқырлы сандық. Ал енді осы сандықтың сұрақтарына жауап беріп, келесі ғимаратқа жетейік.
Сиқырлы сандық . Берілген сандарды таңдап, жасырынған сұрақтарға жауап беру.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2. Астанадағы ойын - сауық орталықтарын ата.
3. Бәйтеректің ұзындығы қанша?
4. Сан есім дегеніміз не?
5. Сан есімнің сұрақтары қандай?
6. Сан есімнің неше мағыналық түрі бар?
7. Астана қаласы бұрын қалай аталған?
8. Сан есімі бар қандай мақал білесіңдер?
9. Адасқан сөздерді орнына қой.
Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.
10. Астананың болашағын қалай елестетесің?
Сергіту сәті Қара жорға биі.
Балалар біз сіздермен 4 - ші аялдамадан да өттік. Барлығымыз қатты шаршаған шығармыз иа? Олай болса қанекей Қара жорға биін билеп, бір сергіп алайық.
5 - аялдама Думан
Думан ойын - сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, Джунгли аттракционы, боулинг, көп функционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. Думан ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.
Тапсырма
Енді келесі аялдамаға өту үшін сендерге Думан ойын – сауық орталығы да тапсырма ойластырып қойыпты. Сан есімдерді мағыналық түрлеріне байланысты Перфокартаға толтыру берілген. Қане бастайық.
1 - тапсырма Берілген сан есімдерді мағынасына қарай бөліп жазыңдар.
11, 50 - 60, алтау, жетпістей, мыңыншы, жүздей, біреу, бес - бестен, 242, қырықтай, 40 - 50, отыздай, 1100, жетінші, екеу, оннан екі, төртеу, бір бүтін, мың жарым.
Есептік Реттік Жинақтық Топтау Болжалды Бөлшектік

6 - аялдама Хан шатыры
Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын - сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
Тапсырма
Міне біз соңғы аялдамаға да келіп жеттік. Ендеше, Хан шатыры аялдамасының тапсырмасын орындап көрейік.
Берілген сан есімдерге құрамына қарай сатылы кешенді талдау жасаңдар.
Үшінші, тоқсан жеті, бесеу, он – оннан
Үшінші – сан есім, дара с. е., нешінші?, туынды сан есім, реттік сан есім.
Тоқсан жеті - сан есім, неше, күрделі с. е., есепетік сан есім, туынды сан есім.
Бесеу – сан есім, дара сан есім, нешеу?, туынды сан есім, жинақтық сан есім.
Он – оннан – сан есім, күрделі сан есім, қос сөз, нешеден?, туынды, топтау, шығыс септік.
Бекіту:
- Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
- Саяхат сендерге ұнады ма?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де, келіп жеттік. Сабағымызды қорытындылау үшін біз қазір сіздермен сөзжұмбақ шешеміз.
1. Президенттің резиденциясы.
2. Сан есімнің мағыналық түрін ата.
3. 97 метрден тұратын монумент қалай аталады?
4. Сан есімнің сұрағы.
5. Елорданың сол жақ жағалауына салынған ойын – сауық кешені қалай аталады?
6. Бейбітшілік пен келісім сарайы қалай аталады?
А Қ О Р Д А
Е С Е П Т І К
Б Ә Й Т Е Р Е К
Қ А Н Ш А
Д У М А Н
П И Р А М И Д А
Үй тапсырмасы:
Шығарма жазу. Астана – арман қала

Бағалау. Әр қатардағы көмекшілер бағалау парағына бағалайды.
Ал енді балалар қаламызға қайту үшін әрі біздің бүгінгі келген қонақтарымызға арнап, Алтынай Жорабаева әпкелеріңнің Елімнің жүрегі - Астана атты әнін орындайық.
Елімнің жүрегі - Астана
Астана көп қараймын МЕН КЕЛБЕТІҢЕ – 3 рет
Балғынсың жас қайыңдай ӨЗ ТЕРБЕТІЛЕ – 3 рет
Жаннаттай жан біткенді ЕЛЖІРТЕСІҢ – 3 рет
Біз үшін жаннат қала сен ЖЕР БЕТІНДЕ – 3 рет
Қайырмасы:
Елімнің жүрегі
Жарқырап жайнай берші, сен, Астанам!
Өзіңе арналады ән дастаным
Қашан да саған іңкәр менің жаным
Жастықтың жалауы бол, сен, Астанам!

2. Аңсаймын, армандаймын пәк жүрекпенен
Астана, жайна әр дәйім, мен тілеп келем
Мен тілекшімін
Қайырмасы.


Скачать


zharar.kz