Людвиг өте тұйық бала болып өсті

Скачать

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3
Тақырыбы: Аққұс туралы аңыз
Мақсаты: Мәтінді түсініп, мәнерлеп және дауыс ырғағын келтіре оқуға, мазмұнын айта білуге үйрету.
Міндеттері: а Әңгімедегі музыканттар туралы қысқаша мәлімет беру;
ә Оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға және құстарға қамқор жасауға, адамгершілікке тәрбиелеу;
б Оқушылардың музыка өнеріне деген қызығушылық сезімдерін оята отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі, бейнелеу өнері, әдеп, өмірмен байланыс
Көрнекі – құралдар: Тест сұрақтары, Шәмші Қалдаяқов, Бақытжан Байқадамов, Людвиг Ван Бетховеннің суреттері, қосымша кітаптар, сызба – кесте, DVD және Ш. Қалдаяқовтың әндер жинақ дискісі, оқу құралдары, бағалау жетондары.
Жүргізу әдіс – тәсілдері: Түсіндірмелік, кіріктірмелік, көрнекілік, сұрақ – жауап, ойын, ассоциация
Сабақтың барысы:
І Психологиялық дайындық.
Жасқа – мейірім, кедейге – қайырым,
Досқа – кеңес, дұшпанға – кешірім,
Ақымақты – елемеу, білімдарды құрметтеу.
Абдоллах Ансари
ІІ Үй жұмысын тексеру
а Қажымұқан тақырыбына арналған тест сұрақтарына жауап алу.
ә Сұрақ – жауап әдісі арқылы өткен тақырыптарды тиянақтау.
- Тарауымыздың тақырыбы Жақсы ай мен күндей
- Қандай ұлы адамдармен таныстық?

ІІІ Жаңа сабақ
а Тақырыбы мен мақсатын хабарлау
ә Сынып оқушыларын жұпқа бөліп, мәтінді үш бөлікке бөліп, іштей оқып, мазмұнын сұрау (Джиксо стратегиясын қолдану)
б Оқушылар, осы мәтіндегі музыканттардың есімдерін атаңдаршы. Сіздерге таныс па? (Оқушыларды тыңдап болып, мұғалім қысқаша мағлұматтар береді).
Шәмші Қалдаяқов (1930 – 1992) аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, халық әртісі. Оңт. Қазақстан обл. Қызылқұм ауданында дүниеге келген. 2005 жылдан Менің Қазақстаным туындысы ҚР Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.
Бақытжан Байқадамов (1917 – 1977) Торғай қаласында дүниеге келген. Ол жас кезінен өлең жазып, домбыра тартқан. Сонымен қатар мектеп қабырғасында жүріп - ақ математикаға қабілетті екенін байқатты. Алайда оның музыкаға деген құштарлығы басым болып, біржола өнер жолына түседі. Б. Байқадамов – балаларға арналған көптеген әндердің авторы.
Людвиг Ван Бетховен (1770 – 1827) Германияның Бонн қаласында туған. Ата – тегі музыканттар ұрпағы. Людвиг өте тұйық бала болып өсті. Әкесі Бетховенге клавесин аспабында және скрипкада ойнауды үйретті. 6 - 7 жасынан бастап жан – тәнімен музыканы ұнатты.
в Ал, енді мәтіндегі құстарға тоқталайық. Аңыздағы Аққұстың әніне табиғат қалайша табынған? Қарақұс неліктен Аққұстың көзін жоймақшы болды?
г Осы аңыздағы құстарды осы заман, осы күнге кімдермен, нелермен теңестіріп және салыстырып айтуға болады?
ғ Мәтіндегі табиғаттың Аққұс әніне табынған жерін суреттейтін тұстарды тауып, дәптерлеріне жазып алыңыздар.
д Ассоциация әдісі: Әр бала құстар туралы ойын жазады. Бұл жерде Т кстесін қолдануға болады
АҚҚҰС

ҚАРАҚҰС

ІҮ Қорытынды кезең

а Венн диаграммасын толтыру
әншілердің өмірі
композитор, әнші,
музыканттар, ұлы адамдар
ә Логикалық тапсырма
9 14 6 15 8 1 * 1 3 1 9 * 5 1 10 15 10 1* 11 13 * 4 2 12 2 3 7

Сандардың орнына тиісті әріптерді қойып жазу. Мысалы, 1 санының орнына А әрпін қойып жазу 1 - а, 2 – е, 3 – д, 4 – б, 5 - ж, 6 - з, 7 - і, 8 - к, 9 - м, 10 - н, 11 - о, 12 - р, 13 - т, 14 - у, 15 - ы

МУЗЫКА АДАМ ЖАНЫНА ОТ БЕРЕДІ. Л. В. Бетховеннің сөзі шығу керек.
б Ойын: Әуенін тап DVD ойнатқышынан Ш. Қалдаяқовтың әндерін қойып, әуеннің атын табу.
в Бағалау, үйге тапсырма беру
Мәтінді оқу, мазмұнын айту, аңызға байланысты сурет салып келу және мәтіннің авторы Оразбек Бодықов туралы мәліметтер жинақтап келу.
г Менің Қазақстаным әнұранды орындау арқылы сабақты аяқтаймыз.
ғ Уақыт болса өлеңнің жоқ жолын құрап көрелік.
Сабаққа ертең ерте.................................
Қиналды уәдесін....................................
Ұйқысы қанбай қалды Мейрамбектің,
Түнімен телевизор..................................


Скачать


zharar.kz