Символдық мәліметтермен амалдар орындау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Символдық мәліметтермен амалдар орындау.
Мақсаты: 1. Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амал түрлерін
пайдалана отырып, есептер шығаруға, прогрмма құруға дағдыландыру.
2. жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.
Көрнекіліктер: Компьютер, оқулық,, практикум, тақта.
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәтін әр түрлі символдардан тұратын жолдар тізбегінен тұрады. Әдетте, мәтіндермен жұмыс істегенде, тек символдық шамаларды пайдалану тиімсіз, өйткені көбінесе жеке символдарды емес, олардың тізбегін – сөз тіркестерінен тұратын мәтін жолдарын өңдеу қажет болады. Символдар жолы немесе жолдық тұрақты деп символдарының саны 256 - дан аспайтын апострофтар ішіне алынған символдар тізбегін айтады.
Тіркестік айнымалының типі программаның типтерді сипаттау бөлімінде немесе тікелей айнымалыны сипаттау бөлімінде де орналаса береді. Оның айнымалы бөлімінде сипатталуы:
Var
; string [жолдың ұзындығы];
Мысал:
Var
Tex1: string[29];
Atj: string[40];
Atau: string[200];
A: string;
Егер жолдың ұзындығы (символ саны) сипаттау кезінде көрсетілмесе (А айнымалысы), онда оның ұзындығы 256 символ деп қабылданады.
Тіркестік өрнектерде біріктіру және салыстыру амалдары пайдаланады. Біріктіру немесе конкатенация амалы, ол қарапайым + белгісімен белгіленеді. Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады. Мысалы:
‘Ауыл’ + ‘шаруашылығы’ = ‘Ауыл шаруашылығы’
S1:=’Ас’; S2:=’тана’; S3:= S1+S2;
Нәтижесі: S3:=’Астана’;
Салыстыру амалдары, олар: +, <>, , =,


Скачать


zharar.kz