Ақұштап БақтыгерееваАқ жайық, арнаға түс арындамаАру Жайық, ерке өзен, сыбырлағын, Бұл көктемде сен неге арындадың

Скачать

Ақұштап Бақтыгереева

Ақ жайық, арнаға түс арындама
Ару Жайық, ерке өзен, сыбырлағын,
Бұл көктемде сен неге арындадың?
Құм мен тастан өрілген жарқабаққа
Ғажап болды - ау осынша бағынбауың.
Жайсаң қызға ел сені тең деп еді,
Мінезіңді адуын көрмеп еді.
Әлде сенің жаныңды қинады ма,
Жарты ғасыр Нарынның шөлдегені.
Табиғатқа, тағдырға бағындың да,
Қыста ұйықтадың мұз көрпе жамылдың да.
Ақ айдынға аққулар еркелейтін,
Бір дәуренді өзің де сағындың ба?
Суың – кәусәр, өзің – нәр, ақылдысың,
Бары анық бойыңда батыл күштің.
Егеменді елге өзен болғаныңа
Асып - тасып қуанып жатырмысың?
Қазір саған құлаштап жүзе алар кім,
Неге сонша арнаңды бұза - жардың?
Бәлкім сенің өмірде бар-жоғынды
Елемеген жандарға ызаландың.
Түскен талай тасқынның азабына
Дәуір менен тағдырдың мазағына.
Етек - жеңін жинауды сен үйретші
Далаңдаған даланың қазағына.
Мекендеген жағаңды ырыстылар
Биыл белге бидай мен күріш тұнар.
Тарихы бар, тегі бар өзеннің де
Көрсеткені бір мінез дұрыс шығар.


Скачать


zharar.kz