Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектептің 10 Б сынып оқушысы
Бітімбай Ақтілек Бердібайұлы
Абай
Бір ғасырдың ғұламасы Абай ата,
Халқыңа өзің болдың әркез пана.
Бұлағысың қара сөзбен қара өлеңнің,
Сені қалай ұмытсын елің ата.
Қазаққа қара сөзден дес бермеді,
Елім деп туып, елім деп кетті.
Талай жыл қазақтың зарын айтты – ау,
Бірақ оны кезінде қазақ ескермеді.
Ұлылардың ұлысы Абай ата,
Бәрі алғысы келеді сізден бата.
Болғысы-ақ келеді – ғой дәл өзіңдей,
Бірақ сіз жұмақта, біз бұ жақта.
Абайдай ақыны бар, алтын сөзді,
Сескендірген талайын надандардың
Мың надан мен күрескен жалғыз өзі,
Абай атты данасы бар қазақтың.