Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлық Қазақстан қалалары (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушыларға ортағасырлық қалалардың қалыптасуын және олардың әкімшілікпен сауда орталықтарына айналғаны, қалалардың өмір сүру тарихымен орналасқан аймақтарын көрсете отырып, ортағасырлық Қазақстан қалалары үш бөлікке: цитадель, шахристан, рабат болып бөлінгені жайлы кең көлемде түсінік беру.
Дамытушылық – оқушылардың жүйелі ойлауын және есте сақтау қабілетін дамыта отырып, шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік – оқушыларды өз Отанын сүюге, елін құрметтеуге, жерін қорғауға, мәдениетін сақтауға тәрбиелей отырып ұлтжандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, білімділікке баулу
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ
Сабақ әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс
Пән аралық байланыс: География, әдебиет, өнер.
Пән аралық байланыс: География, әдебиет, өнер.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларға еліміздегі ортағасырлық қалалардың қалыптасу тарихын түсіндіре отырып, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге, мәдени ескерткіштерін қорғауда, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
“Кім жылдам”ойыны
3. Жаңа сабақ
• Термин сөздермен жұмыс
• Картамен жұмыс
• Тарихыңды таны
• Сабақты бекіту
• Жабық тест
• Сәйкестендіру тесті
“Кім жылдам”
1. Әл – Фараби кім?
2. Әл – Фараби қай жылы, қай қалада дүниеге келген?
3. Әл - Фарабидің толық аты кім?
4. Ғұлама ғалым қандай тілдерді меңгерген?
5. Ғұлама ғалым білім іздеп қай елдерге сапар шеккен?
6. Әл - Фараби қаншаға тарта еңбектер жазып қалдырған?
7. Ғалым өзіне керекті деректерді қай кітапханалардан алды?
8. Әл - Фараби қай жылы, қай қалада қайтыс болды?
9. Шығыстың ғұлама ғалымын өз қолымен жерлеген кім болды?
10. Әл - Фараби музыкант болған ба?
11. Әл - Фараби тек шығыстың ғана ғұлама ғалымы деп біле аламыз ба?
12. Әл - Фараби бос уақытында немен айналысқан?
13. Ғұлама ғалымның әкесі кім болған?
14. Ғұлама дүниеге келген Фараб өлкесінен шыққан басқа қандай Фараби ғалымдарды білесіңдер?
Жаңа сабақ
● Қалалардың қалыптасуы
● Орта ғасырлық қалалардың - әкімшілік және сауда орталықтарына айналуы
●Орта ғасырлық қалалардың тарихы мен орналасқан аймақтары
Термин сөздермен жұмыс
● Цитадель
● Патша сарайы, әкімшілік, басқару орындары орналасқан
● Шахристан
● Кіші билеуші топ өкілдері, түрлі кәсіп иелері
● Рабат
● Еңбекші халық
Картамен жұмыс
Сабақты бекіту
Жабық тест
1. Қаланың қолөнершілер мен егіншілер тұратын бөлігі қалай аталады?
а) цитадель
ә) шахристан
б) рабат
в) базар
2. Қай қала қыпшақтардың басты саяси және мәдени орталығы саналады?
а) Сығанақ
ә) Иасы
б) Тараз
в) Испиджаб
3. “Түріктер елі, мекені” деген мағынаны білдірген қала
а) Тараз
ә) Түркістан
б) Отырар
в) Сайрам
Ортағасырлық қалалар қандай қызмет атқарады?
а) мәдениет орталығы
ә) әкімшілік орталығы
б) сауда мен қөлөнер орталығы
в) саяси орталық
5. Ортағасырлық Қазақстан қалалары қанша бөліктен тұрды?
а) 2 бөліктен
ә) 5 бөліктен
б) 4 бөліктен
в) 3 бөлікте
Сәйкестендіру тесті
Отырар ------ Испиджаб
Тараз-------- Иасы
Түркістан --- Тарбанд
Сайрам ------Талас
Бағалау
Үйге тапсырма: §25