Тақырыбы: Ұялы телефон мен компакт дискінің айтысы
Мақсаты: Оқушыларды шығармашылыққа, қазақ халқының дәстүрін құрметтеуге қадірлеуге баулу, тәрбиелеу. Физика пәні бойынша Электромагниттер және радиотолқындар тақырыбында сабаққа пайдалану.
Көрнекілігі: қазақтың ұлттық киімімен, домбырамен келу немесе арнайы киім кию компакт диск немесе ұялы телефон
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру. а Бастаушы шығып сайысты ашық деп жариялайды. б Әділ қазылар алқасын тағайындайды.
2. Негізгі бөлім.
а Бастаушы: Айтысқа шығатын оқушыларды хабарлайды Екі оқушы ортаға шығып орындыққа жайғасады.
Ұялы телефон: Уа, жұртым тыңдаңдар!
Мына ортада тұрғандар.
Телефонмын ұялы
Маған да бір қараңдар
Хабар алып алыстан
Жеттім талай табысқа
Үйде отырып білемін
Хабарын да туыстың – ай.
Қарсыласым сұрайын
Дискі құрбы бір сұрақ
Тигізесің халыққа
Қандай пайда айт шырақ?
Компакт диск: Амандасып алайын,
Бүгінгі мына қауыммен.
Әділ баға беретін,
Қазалардың бәрімен – ай.
Қарсыласым қалайсың
Зарядталып алғайсың
Айтыса алмай қаларсың
Бойыңа қуат жиып алғайсың - ай.