Балабақша балаларына арналған Сергіту сәттері

Скачать

Балабақша балаларына арналған "Сергіту сәттері

СЕРГІТУ СӘТТЕРІ
Армысың, ардақты Аспан - ата!
Армысың, мейрімді Жер - ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін,
Қуант бізді таңырқап,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.

Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін алманың,
Анамызға сылайық.

Көлеңке ойыны
Көлбең, көлбең көлеңке
Көлбеңдеген көлеңкем.
Тасып піскен бидайды,
Айтшы қалай жинайды?

Көлбең, көлбең көлеңке
Көлбеңдеген көлеңкем.
Былай, былай жинайды.
Бидай оруды қимылмен көрсетеді

Көлбең, көлбең көлеңке
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қаптап ұшқан торғайдан,
Оны қалай қорғайды?

Көлбең, көлбең көлеңке
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қаптап ұшқан торғайдан,
Оны былай қорғайды
Кіш, кіш! Қолдарымен көрсетеді. Бәрі бірге айтады

Қорғап қалған бидайды,
Қырманға әкеп жинайды.
Астық орған байлығы,
Қамбаға дән сыймайды.

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желмен бірге жайқалған.

- Сәлеметсің бе, табиғат! тізе бүгіп, иіліп сәлем беру
- Сәлеметсіңдер ме ормандар, өзен мен көлдер, теңіздер мен таулар!
Тұрып екі қолын бұлғалайды
Сәлеметсіңдер ме құстар! Қолдары екі жанында, құс сияқты қанат қағады
Сәлеметсіңдер ме аңдар! Орындарында тұрып, аю сияқты жүреді, қоян сияқты секіреді
орманшы балаларды мақтап кетеді.

Көгершіндер
Біз ұшамыз, ұшамыз,
Бар әлемді құшамыз.
Қолды екі жаққа қанатша керіп, бірінің артынан бірі шеңбер жасай жүгіру

Әрбір үй мен қалаға,
Тыныштық бақыт сыйлаймыз.
Бір - бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құру

Бірімізбен біріміз,
Қанекей дос болайық.
Қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру

Көктегі құс пен шөп тербеген желдейміз,
Теңіздегі желкен мен жаңбырдан кейінгі селдейміз.
Қолды толқындата қимылдату
Біз бәріміз күнмен дос боламыз.
қолды жоғары көтеріп, алақанға қарау

Бойыңды сергек тік ұста
Емін – еркін тыныста
Деміңді ішке тез алда,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын

Менің отбасым ең...

Қолымда тұрған добымды
Балаларға берем көңілді.
Отбасы жайлы өрелі,
Әңгіме айтып береді
балалар! Мен сендерге доп лақтырамын, сендер оны қағып алып,
Отбасыларың туралы жақсы сөздер айтып, маған қайта лақтырасыңдар
Мысалы:
Ең мейрімді,
Ең көңілді,
Ең спортшы,
Ең тату,
Ең сүкімді,
Ең қамқоршы,
Ең еңбексүйгіш.

Балабақша балаларына арналған "Сергіту сәттері. жүктеу


Скачать


zharar.kz