Тек терлегем, тек терлегем

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Тілегім қайда менің көкке өрлеген?
Жүрегім қайда менің кек кернеген?
Жүремін неге бұлай бөктерде мен?
Білемін...
Тек терлегем, тек терлегем.
Апырмай, бәрі бітіп қалғаны ма?!
Жеткізбей арманыма, алдағыма.
Аяй гөр, арманым - ау - ардағым - ау!
Үзілген үмітімді жалға мынау.
Жүргізбе мені бұлай бөктерменен,
Алып өт асқарыңа өткелменен.
Тілегім бөктерменен шектелмеген,
Алдымда өмірім бар өткермеген.
Жанымда жалын барда, қиял барда,
Аядай аулаға мен сыя алғам ба?
Аяшы, ая мені, ардағым - ау,
Апарып таста мені қияндарға.
Сырқаттанып жүргенше сызда қалып,
Өлсем де өлейін мен құзға барып.
Мұзға барып құлайын, құздан ағып,
Сөндірейін отымды мұзға малып.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz