Эстетикалық талғам қалыптастыру

Скачать

Киіз үй
Мақсаты: 1. Білімділік: Қазақ халқының киіз үйі, оның тігілуі, оның жасауы туралы толықтай түсінік бере отырып, оқулықта берілген мәтіндердің мазмұнын, берілген тапсырмаларды игерту арқылы сөздік қорды кеңейту, сөйлеу тілдерін қалыптастыру, етістіктің шақтарын қайталау.
2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру,
дүниетанымдарын кеңейту, топпен жұмыс, жеке жұмыс түрлеріне дағдыландыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін, қол - өнерін дәріптей отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Эстетикалық талғам қалыптастыру.
Міндеттері:
• Қазақтардың көшпелі тұрмысына бейімделген киіз үйі құрылысын, олардың атауларын, ішкі жасауынан мәлімет беру;
• Ш. Уәлихановтың Ұлы жүз туралы атты шығармасынан алынған Киіз үй мәтіні бойынша тапсырмаларды орындату;
• Мәтінді пайдалана отырып, етістіктің шақтарын еске түсіру, пысықтау;
• Этнограф – ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың Жолайрықта атты кітабынан алынған Ішкі жасау әңгімесі бойынша киіз үйдің ішкі жасауын суреттейтін мәтіннің мазмұнын түсіндіру;
• Киіз үйдің жабдықтарына байланысты айтылған мақалдар мен қанатты сөздер, тұрақты сөз тіркестерін таныту;
• Қазақ халқының салт - дәстүрін, қол өнерін дәріптеу, оқушыларды қазақ халқының киелі киіз үйін қастерлеуге тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:
1. Сыныпты ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру).
3. Ережені еске түсіру.


Скачать


zharar.kz