Темірдің қолданылуы

Скачать

Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Темір және оның маңызды қосылыстары
Сабақтың түрі: Ашық сабақ. Кіріктірілген сабақ.
Кіріктірілетін пәндер: (тарих, география, биология, физика, әдебиет, дін, астрономия, халықтық педагогика және медицина)
Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Білімділік: Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық
(9 сынып химия ), металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы, периодтық кесте, суреттер, реактивтер, қосымша әдебиеттер, интерактивті тақта..

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Пәнаралық байланыс
1. Темірдің периодтық жүйедегі орны; (химик)
2. Атом құрылысы(электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса) (химик)
3. Табиғатта таралуы және маңызы; (геолог, географ, астроном)
4. Темірдің ашылу тарихы; (тарихшы)
5. Физикалық қасиеттері; (физик)
6. Темірдің биологиялық маңызы; (биолог)
7. Құранда темір туралы; (дін)
8. Абайдың жұмбағы; (әдебиетші)
9. Темір туралы мақал – мәтелдер; (әдебиетші)
10. Темірдің қолданылуы.(химик)

ІІІ. Жаңа сабақ
Темір оксидтері
Химиялық қасиеттері
Қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді:

Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп, өле бастаған. Адам денесіндегі 3г темір жойылса, тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді. , бұл көріністі суреттеген, темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог, академик А. Е. Ферсман. Темірден жасалатын әр түрлі бұйымдар суреттер арқылы қорытындыланады.


Скачать


zharar.kz