Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөз таптары
Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың сөз таптары және оның түрлері туралы білімдерін жинақтау, бекіту, танымдық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелей отырып, адамгершілік қасиетке баулу.
Дамытушылығы: Грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорларын, тілін, сауатты жазу, елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, қызығушылықты ояту, талдау, жинақтау.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, ереже жазылған плакат, интерактивті тақта.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
9 - жаттығу. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендіру.
1. Біз нені білеміз? Өткен тақырыпқа тоқталу (ереже бойынша жұмыс)
2. Ойлан, тап: Ребус шешу.
3. Ойымызды жинақтайық:
Үнтаспадан тыңдап, сөз таптарына топтау
І топ: Зат есім.
ІІ топ: Сын есім.
ІІІ топ: Етістік
ІV топ: Сан есім.
Шығармашылық тапсырма.
Жаңа сабақта: Сөз таптары. Интерактивті тақтамен жұмыс
Сөз таптары
Зат есім, етістік, сан есім, сын есім
III. Сергіту сәті
4. Кім шапшаң? ойыны.
11 - жаттығу. Суретке қарап, Сөз таптарын тауып айту.
Зат есім ------Етістік --------Сын есім ------Сан есім
Кім? -------- Не істеді? ---- Қандай? ------ Неше?
ауыл --------көркейді ------үлкен ------------бір
5. Тақтамен жұмыс.
3 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті. (Ж. Садықов)
* Мәтіннен сөз таптарын тауып, астын сыз.
6. Өздік жұмыс.
Сөз таптары Етістік ---Зат есім ----Сын есім -----Сан есім
Асан --------------------------+
Төрт --------------------------------------------------------------+
Биледі------- +
Қызыл --------------------------------------+
Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, көшіріп жаз.
Кісі аты:...,...
Өзен аттары:...,...
Гүлдердің аты:...,...
7. Кім зерек?
Мағыналық карта толтыру
8. Шығармашылық тапсырма:
Бес жол өлең құрастыру
Тақырыбы: Аққала
1. Не?
2. Қандай?
3. Не істейді?
4. Сезіміңді білдір?
5. Мағыналас сөз
9. Ойын. Аққала соғу
Аққала макеті артына жазылған сұрақтарға жауап беру
1. Зат есімнің сұрақтарын ата
2. Сан есім дегеніміз не?
3. Етістікке мысал келтір
4. Сын есімнің ережесін жаз
ІҮ. Сабақты қорыту. Сәйкестендіру тесті
Үйге тапсырма: Қыс тақырыбына мәтін құра. Суретін сал
Ү. Бағалау.