Сабақтың тақырыбы: §7. 3. Хром (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік: Хромның периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы мен табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттерімен таныстыру, алған білімдерді жүйелеу, қорытындылау
ІІ. Дамытушылық: Оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және теория мен практиканы ұштастыру қабілеттерін дамыту
ІІІ. Тәрбиелілік: Сабақ барысында оқушылардың химияға танымдық қызығушылығын арттыру, хром қосылыстарымен жұмыс жасағанда техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, тәжірибе жасау
Сабақтың көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта, карточкамен жұмыс, (NН4) 2Сr2О7, тұрғы, спирт шамы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі
IV. Мақсат қою
V. Материалды түсіндіру кезеңі
VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
VII. Бекіту кезеңі
VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
Үй тапсырмасын Мыс пен Мырыш тақырыптарына теориялық базаны қалыптастыру үшін берілген шығармашылық жұмыстар (буклет) арқылы және төмендегідей деңгейлік тапсырмалармен тексеру
А - деңгейінің тапсырмалары:
1. Мыстың физикалық қасиеттері
2. Мыстың алынуының реакция теңдеуін жазыңыз.
3. Мыстың қосылыстарының формуласын жазыңыз.
4. Мыстың электрондық және графиктік формуласын жазыңыз.
5. Мырыштың физикалық қасиеттері
6. Мырыштың электрондық және графиктік формуласын жазыңыз.
В - деңгейінің тапсырмалары:
1. Массасы 20г Сu(ОН) 2 еріту үшін 2 н азот қышқылының қандай көлемі керек?
2. Мыстың концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз.
3. Электролиз сызбанұсқасын құрастырыңдар:
Күміс нитраты ерітіндісінің;
4. Егер анодта 67, 2 м³ (қ. ж.) газ бөлінсе, калий хлоридінің қандай мөлшерінің (моль) балқыма электролизіне ұшырағаны?