Алтын күз
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Балбөбек балабақшасының, Балапан тобының Алтын күз атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Жүргізуші: Бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп - ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән Отан
Тақпақтар:
Айару: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Айжан: Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан
Нұрислам: Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
Жүргізуші: Қолшатыр биі (Аяна, Мөлдір, Палина, Дария, Қалдан, Еркеназ, Айару,)
Тосын сәт: Сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ ата - анамен ойын ойнатады.
Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық
Еркеназ: Мен өріктен ірімін,
Алма, алмұртқа інімін
Тәттілердің бірімін,
Дастарханның гүлімін
Сусыныңды қандырар
Салқын саумал шырынмын.
Қалдан: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Нұрдәулет: Мен моншақты шиемін
Құмарсыңдар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.
Бибінұр: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды.
Қараса егер салғырт кім
Күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Жапырақтарды бір бөлек себетке, алма, алмұрттарды бір бөлек себетке жинаймыз.
Ойын: Жапырақтар мен жемістерді жинаy
Орысша тақпақтар:
Айарy: У меня колючий бок
На макушке – хохолок
Замечательный на вкус
Ананасом я зовусь
Серік: Детский сад, детский сад
Почему так говорят
Потомy, что дрyжно в нем
Мы одной семьей растем
Жүргізуші: Ұлдар биі (Нұрдәyет, Бекнұр, Нүрислам, Серік, Нұрасыл)
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік
Ұйқасын тап ойыны.
1. Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузынан кетпес бал дәмі
Оның аты (шабдалы)
2. Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін айырып,
Танисың ба? (шиені )
3. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері – бақша - бақ
Күрең қызыл шіркін - ай
Оның аты…(таңқурай )
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балаларымыздың күз мерекесіне дайындаған күзгі сән үлгілерін тамашалаңыз.
Күзгі сән үлгілері:
Топ - топ балақан өлеңін тамашалаңыздар
Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ - дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы
Луговой ауылы "Балбөбек"бөбекжайы
Жумагулова Гулжан Базарбаевна