Күлкі - денсаулық көркі іс - шара
Мақсаты: Балалардың көңіл - күйін көтеру, 1 сәуір күлкі күні екендігін ұғындыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, бір - бірімен дос болуға тәрбиелеу.
(Музыка ойналады. Винни мен Квинни сахнаға төбелесіп шығады.)
Жүргізуші: психолог
- Сендерге не болды?
- Неге төбелесесіңдер?
- Квинни сен неге ашуланасың?
Бүгін ашулануға болмайды. Өйткені 1 сәуір Дүниежүзілік күлкі күні.
(Сайқымазақтар күледі.)
Жүргізуші: психолог
Балалар бақшасында бүгін той
Күлдіру күні біліп қой,
Алақай - ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел соғайық балақай
Күлдіру күнінде ешкім ренжіспеу керек.
- Қане татуласыңдар.
Ендеше ендігі кезекті Әзілің жарасса атаңмен ойна - демекші Ендігі кезекті ата - аналарға береміз.
Әзіл: Балабақша өмірінен үзінді.
(Сайқымазақтар юбкаға таласып жатады. Осы кезде жүргізуші келіп)
Жүргізуші: психолог
Квинни, Винни төбелеспейміз. Бұл менің юбкам бұл юпканы балалармен ойын ойнауға әкелдім. Қане, балалардың көңілін көтеріп жіберейік
Ойын: Егіздер (шартын түсіндіру)
Жүргізуші: психолог
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша,
Қуанышқа бөленген.
Өмір қандай тамаша.
Әзіл; Сиқырлы тон
(Винни келе жатырып, су етікті көріп қалады. Оны киіп көріп, ойына бір ой келіп шығып кетеді. Оны көрген Квинни су етіктің бір сыңарын тауып алып, тығып қояды. Винни келіп таба алмай ашуланады. Әрі іздеп, бері іздеп таба алмағасын, балалардан сұрайды. Балалар өз аяқ - киімдерін ұсынады. Аяқ киімі келмейді. Винни ашуланып, жылайды. Назым атты қыз бала Виннидің аяқ киімін тауып береді.
Ойын: Желаяқ (шартын түсіндіру)
Жүргізуші: психолог
Гүлмен келсін келер күн
Бала - бағы бар елдің
Балалардың күлкісі,
Көркі, сәні елімнің
Әзіл: Кемпір мен жігіт
(Сайқымазақтар залға кіреді. Бір - біріне шарик лақтырады.)
Жүргізуші; психолог
- Квинни, Винни неге бір - біріне шарик лақтырасыздар? Қане, балалармен ойын ойнайықта.
Ойын: Мергендер (шартын түсіндіру)
Би; Флешмоб. (Барлық залдағы көрермендермен)
Күлейікші, әрқашан күлейікші
Бұл дүниенің қадірін білейікші,
Әр күн сайын қуанып жүрейікші
Бақытты боп жадырап жүріңіздер.
№6 Ақкөгершін мектепке дейінгі ұйымының педагог - психологі
Бержанова Гүлсезим Айтжановна
Меңгерушісі: Омарова Шолпан Шамшатовна