Бата түрлерін жаз

Скачать

Қазақ әдебиетінде өзіндік айтулы із қалдырған белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин: Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі бар дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте – Біріңғай ұлттық тестілеудің көрсеткіші. Біріңғай ұлттық тестілеудің сапалы өтуі алдымен мұғалімдер мен оқушылардың уақытты тиімді пайдалануында. Осыған орай қазақ әдебиеті пәнінен оқушыларға арналған жұмыс дәптерін ұсынып отырмын.
Жұмыс дәптерінде қазақ әдебиеті бойынша әдебиет теориясынан сұрақтар және әдебиет бағдарламасы бойынша тест жұмыстары еңгізілді.

5 - сынып бойынша теориялық сұрақтар:

1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не
2. Тұрмыс – салт жырларын ата
3. Наурыз жырында қандай тілек айтылады?
4. Тұсаукесер қандай тойда айтылады?
5. Бата түрлерін жаз
6. Мақал - мәтел дегеніміз не?
7. Қандай мақал - мәтел түрлерін білесің?
8. Сөздің көркі не?
9. Жұмбақ дегеніміз не?
10. Жұмбақтың тақырыбын ата
11. Ертегінің түрлерін ата
12. Ер Төстік қандай ертегіге жатады?
13. Ер Төстік ертегісіндегі кейіпкерлерді ата
14. Жаманға елі қандай ат қойды?
15. Кендебай ертегісіндегі Кендебайдың ерлік істерін ата
16. Кейіпкер дегеніміз не?
17. Аңыз дегеніміз не?
18. Қазақ аңызындағы кейіпкерлерді ата
19. Шешендік сөздер дегеніміз не?
20. Құранда неше сүре бар?
21. Құран Кәрім адамды қандай болуға тәрбиелейді?
22. Адамды Алла қалай жаратты?
23. Әдеби ертегі дегеніміз не?
24. Әбділдә Тәжібаевтың туған жері
25. Толағай ертегісінің басты идеясы
26. Мысал дегеніміз не?
27. Ахмет Байтұрсыновтың туған жылы
28. Өгіз бен бақа мысал өлеңінің тақырыбы
29. Егіннің бастары мысал өлеңінің тәрбиелік мәні неде?
30. Махамбет Өтемісұлының Соғыс өлеңінде қандай оқиға суреттелген
31. Ыбырай Алтынсариннің туған жері
32. Ыбырайдың атасы
33. Дүние қалай етсең табылады? әңгімесінде бейтаныс адам Антонға қандай ақыл айтады
34. Кейіптеу дегеніміз не?
35. Абайдың Қыс өлеңінен кейіптеу түрлерін теріп жаз
36. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Шілде өлеңіндегі көріністерді теріп жаз
37. Мағжан Жұмабаев Сағындым өлеңінде кімдерді сағынады.
38. Жамбыл Жабаевтың туған жылы
39. Жамбыл Жабаевтың Өтеген батыр жырында егіншілік қалай дәріптелген
40. Сәкен Сейфуллиннің Ақсақ киік шығармасындағы табиғат көрінісін бейнелі сөзбен жаз.
41. Ілияс Жансүгіровтың Күй шығармасының негізгі идеясы
42. Мұхтар Әуезовтің Ақын қонақтар Абай жолынан үзінді шығармасында Барлас ақын Абайға қандай бата берді?
43. Сәбит Мұқановтың туған жері
44. Сәбит Мұқановтың Лашын әңгімесінде кімнің жастық шағы айтылады?
45. Иса Байзақовтың туған жері_
46. Иса Байзақовтың жазғы кеш өлеңіндегі көркемдегіш құралдарды тап
47. Қалмақан Әбдіқадыровтың туған жылы
48. Қалмақан Әбдіқадыровтың Қажымұқан шығармасынан Қажымұқанның сыртқы келбеті, мінез - құлқын суреттейтін жерін жаз
49. Қасым Аманжоловтың туған жері
50. Жұбан Молдағалиевтың Ар - ұят өлеңіндегі негізгі ой

5 - сынып бойынша тест тапсырмасы
1 - нұсқа
1. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері:
А) мақал - мәтелдер
В) тарихи деректер
С) романдар
Д) поэмалар
Е) жырлар
2. Халық ауыз әдебиеті кімдер арқылы дамыған?
А) ақын
В) халық
С) жазушы
Д) Ғалым
Е) жырау
3. Наурыз күні айтылатын өлең - жырлар?
А) Малдың баласын сүюі
В) Амансыз ба?
Ұлыс оң болсын,
С) Егіннің бастары
Д) Қазақ салты
Е) Мен кім?
8. Ертеде адамның ақыл - ойын немен сынаған?
А) жұмбақпен
В) мақалмен
С) мәтелмен
Д) ертегімен
Е) әңгімемен
9. Мына мақалды толықтыр.
Оқу білім бұлағы,
..... өмір шырағы.
А) оқу
В) өнер
С) білім
Д) ғылым
Е) мектеп
10. Наурыз қандай мейрам?
А) білім күні
В) тәуелсіздік күні
С) республика күні
Д) жаңа жыл
Е) әйелдер күні
11. Мына жұмбақтын шешуін тап: Үй күзетеді, үрмейді.
А) ит
В) құлып
С) мысық
Д) тасбақа
Е) аяз
12. Малдың баласын сүюі. Қой сүйеді баласын..... деп.
А) боташым
В) лағым
С) торпағым
Д) құлыным
Е) қоңырым
13. Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң
Жол болсын. Бұл не?
А) жұмбақ
В) мақал
С) бата, тілек
Д) өлең
Е) ән
14. Аңыз неге ұқсайды?
А) ертегіге
В) жұмбаққа
С) мақалға
Д) мәтелге
Е) жаңылтпашқа
15. Абай Құнанбайұлы кім?
А) әнші
В) биші
С) ғалым
Д) сазгер
Е) ақын
16. Адаматаны жаратуға кім қарсы болды?
А) Жебірейіл
В) Ібіліс
С) Мекайыл
Д) Хауаана
Е) Алла
17. Зәмзәм суы кімнің өкшесінің астынан табылып еді?
А) Ибраһимнің
В) Сымайылдың
С) Мекайылдың
Д) Исаның
Е) Сапиолланың
18. Ә. Тәжібаевтің әдеби ертегісін ата?
А) Алпамыс
В) Ібіліс
С) Егіннің бастары
Д) Толағай
Е) Өгіз бен бақа
19) Өгіз бен бақа өлеңін А. Байтұрсынұлы орыстың қай жазушысынан аударды?
А) Пушкиннен
В) Лермонтовтан
С) Крыловтан
Д) Чеховтан
20. Құран Кәрімде неше сүре бар?
А) 216
В) 26
С) 415
Д) 114
Е) 876

Есілбай жалпы орта білім беру мектебі
Пән мұғалімі: Машенова Гүлмира Қайырбекқызы

Қазақ әдебиеті пәні бойынша 1 - жартыжылдыққа арналған жұмыс дәптері. жүктеу


Скачать


zharar.kz