Математика 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кубтың (текшенің) көлемін өлшеуді қайталау
Сабақтың мақсаты: Геометриялық фигураларды салыстыра отырып көлемін табуға үйрету. Есептерді сурет бойынша құрастыруға баулу. Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.
Түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер, гүлдер, текшелер, гео. фигуралар.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену, өзіндік, БББ әдісі,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?
Иә.
Бізге қонаққа мұғалімдер келген екен және Дара мен Боти досымызда келіпті. Оларға амандасайықшы.
Сәлеметсіздер ме!
Балалар, біз бүгін Дара мен Ботимен саяхатқа шығамыз. Ал, Дара мен Боти үй тапсырмасын орындамасаң, өткен тақырыпты қайталамаса саяхатқа шықпаймыз дейді. Үй тапсырмасын орындадық па?
Иә.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Олай болса, үй тапсырмасын толық тексеру үшін бір - бірден бір амалды оқып шығайық. (әр оқушы әр амалды оқып, дұрысын тексереді).
№ 8 (26 - бет)
(28+72) \ 10 = 10
30*5 + 16\2 = 158
(32+18) \ 5 = 10
22+(10+70) \ 10 = 30
(146+54) \ 20 = 10
45\5 + (66 - 36)\5 = 15
Тірек білімдерін белсендіру.
1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?
(сол санның өзі шығады)
2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)
3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)
4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)
5. 2 - ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)
6. 2 - ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ)
7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)
Куб (текше)
↓
8 төбесі бар
Үш өлшемі бар
6 жағы бар
1 см³
III. Жаңа сабақ.
- Өте жақсы, балалар! Енді саяхатқа шығуымызға болады. Және Дара сендердің орындайтын тапсырмаларыңа байланысты гүл беріп отырады. Дараның көздеген аймағына жету үшін көптеген тапсырмалар орындау керек дейді. Сендер сол тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?
- Иә. Өте жақсы! Дараның сендерге сұрағы бар екен.
Сымның ұзындығын қандай бірліктің көмегімен анықтауға болады?
Тік төртбұрыштың пішіндес жолақшаның ауданын қандай бірліктің көмегімен анықтауға болады?
а=4см
в=2 см
S=?
S=4*2=8 см²
Білеушенің көмегімен қандай бірліктің көмегімен анықтауға болады?
а=1см
в = 2см
с=4 см
V -?
V= 1*2*4=8 см³
Шамалар әр түрлі болғандықтан олардың өлшем бірліктері де әр түрлі болады.
Ұзындықтың бір өлшемі, ауданның екі өлшемі, көлемнің үш өлшемі бар.
Жарайсыңдар! Дараның тапсырмасын жақсы орындадыңдар. (белсене қатысқан балаларға гүл беріледі). Келесі Ботидің тапсырмасы бар екен. Осы фигуралар неше текшеден құрастырылған екенін табу керек екенбіз.