Әбдібек Жаманбаев
Табысымды жүргем жоқ санап пайда,
Қонақ қайда, келетін қонақ қайда?
Әлде, біздің пәтердің әйелінің
Ашуланшақ мінезі жолатпай ма?
Қонақ қайда, сыйымды ескеретін?
Қонақ қайда, бас тартып, тост беретін?
Әлде, іздеп келгенде жоқ болдым ба?
Әдетім бар кейде, үйге кеш келетін.
Болады ғой өмірде нелер сараң,
Ұқсастық таптыңдар ма, менен соған?
Кім болса да шақыртпай келсе деп ем,
Шақырғанда жауың да келер саған.
Танымайтын да келсін, танитын да,
Қонақ келсе, тыныштық бар ұйқымда.
Тек бізде емес, бұл дәстүр жазылған - ды
Сонау ата - бабамыз тарихында!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке