Ақпарат тобының сұрақтары

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Информатика әлеміне саяхат
7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 10 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады.

Мұғалім:
Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты Информатика әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.
Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.

Сайысқа қатысатын командалар:
І топ: Ақпарат
ІІ топ: Компьютер

Сайыс 8 кезеңнен тұрады.
1 кезең: Сәттілік
2 кезең: Шешімін тап
3 кезең: Кім жылдам
4 кезең: Мақал - мәтелдер орталығы
5 кезең: Мен саған, сен маған
6 кезең: Тапқыр достар
7 кезең: Жорға топбасшылар сайысы

Алдағы біз баратын бағыт анық,
Озат жан екеніңді тағы таныт
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық.
.
1 - кезең. ”Сәттілік кезеңі” Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын айтады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы – 1 ұпай.

Ақпарат тобының сұрақтары:
№ Сұрақтар Жауаптар
1) 1 байт неше биттен тұрады? 8
2) Ақпараттық процестер? сақтау, алмасу, өңдеу
3) Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады. ALT+F4
4) Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор
5) Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? декодтау
6) Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі Caps Lock
7 Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы принтер
8 Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды 1946 жылы АҚШ - тың Пенсильван университетінде
9 Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель шина
10 Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу кодтау

Компьютер тобының сұрақтары:
№ Сұрақтар Жауаптар
1. Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ тапсырмалар тақтасы
2. Windows сөзінің қазақша аудармасы терезе
3. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ терезе
4. Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер таңбашалар
5. Жою пернесі - Delete
6. Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады - Корзина
7. Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне - Delete
8. Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне жасаған әрекетті болдырмайды - Ctrl+Z
9. Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? - Есептеу
10. Сурет салуға арналған бағдарлама - Paint


Скачать


zharar.kz