Зат есімнің түрленуі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау

Жалпы мақсаты: 1. Оқушылар сабақ соңында зат есімге мысалдар келтіруді, орынды пайдалануды, орнымен қолдана алады.
2. Сөйлемдерден түбір мен қосымшаны ажыратып, жалғаулары арқылы зат есімдерді көптей алады.
3. Басқа сөз таптарының арасындағы өзгешеліктерге мысал келтіріп, ойлана алады.
Оқу нәтижелері: 1. Оқушылар сабақ соңында көптелген зат есімге мысалдар келтіре алды.
Зат есімдерді орынды пайдалана және орнымен қолдана алды. (барлығы)
2. Сөйлемдерден түбір мен қосымшаны ажыратып, жалғаулары арқылы зат есімдерді көптей алды. (барлығы)
3. Басқа сөз таптарының арасындағы өзгешеліктерге мысал келтіріп, ойлана алды.
Түйінді идеялар: Зат есімнің түрленуі туралы түсінік алады, көптік жалғауын орынды қолдана алады.

Сабақ кезеңдері:
Кіріспе
Уақыты:
3 минут
Оқушыларды ортаға дөңгелетіп тұрғызып, смайликтер арқылы 3топқа бөлу
Тұсаукесер
Уақыты:
5 минут
Жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексеру
• Морфология нені зерттейді?
• Қосымша туралы не білеміз?
• Негізгі сөз таптарын ата?
• жаттығу жұмыстарын тексеру

Негізгі бөлім
Уақыты:
25 минут
Блум таксономиясы бойынша
Білу, түсіну
Тірек - сызба арқылы жаңа сабақты меңгерту
ЖАЛҒАУ

Көптік, тәуелдік, септік, жіктік.
Көптік жалғаулары: - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер
Әр топқа мысал келтіртемін.

Қолдану, талдау
Топтық жұмыс
І топ. Берілген сөйлемнен жалғаудың түрлерін табу.
Тіл – адамдар баласының баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлылар күші.
ІІ топ. Ата - бабаларымыз ана тілімізді шұрайлы да көрікті қалпында кейінгі ұрпақтарына аманат ете білген.
ІІІ топ. Зат есімдерге толық сатылай талдау жүргізу
Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз. (Олжас Сүлейменов). Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті. (Ғабиден Мұстафин).

Жеке жұмыс
Жаттығу жұмыстарын орындату тақтаға 3 оқушы

Қабілетімен ерекшеленген балалармен жұмыс:
Көптік жалғауларын пайдаланып, өзі ұнатқан тақырыпқа мәтін жазу

Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс:
Иллюстрациялы суреттен зат есімдер табу, көптік жалғауларын жалғау арқылы жай сөйлемдер табу.
Қорытынды
Уақыты: 8 минут
1. Жабық тест арқылы
2. Кері байланыс. Бүгін мен не үйрендім?
Маған не ұнады ұнамады?
Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің
Бағалау 2 минут
1. Мадақтау
2. Топты формативті бағалау
3. Өзара бағалау

Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау жүктеу


Скачать


zharar.kz