Жыл басы Наурыз
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүріне дәріптеуге тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Мейрам өтетін жер салт - дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдермен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалады залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал наурыз - Қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтан халқымыз наурызды "Жыл басы", "Ұлыстың ұлы күні" деп атайды. Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге адамдарда жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен "Қош келдің жыл басы Наурыз" деп атаймыз.
Тәрбиеші: Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар: Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр.
Би: қазақ биі.
Балалар, бүгінгі мейрамға бізге қонаққа әже мен жыл басы наурыз келді.
Тәрбиеші: Қош келдіңіз әже, жыл басы наурыз төрлетіңіз. (әже мен наурыз ортаға келеді, шашу шашады)
Әже: Наурызымыз, құт әкелсін елімізге,
Береке ырыс кірсін жерімізге.
"Жылқыны" қуанышпен шығарып сап,
Бақыт боп "Қой" кірсін елімізге.
Жаңа жыл елімізді жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарықбасын.
Тұсаукесер: Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы ішегімен және көк шөппен кеседі. Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы ішек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады. Аружан әжей өзінің немересі Амантайды "Тұсау кесер" тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне тұтастырып кестірмекші. Ал келін Амантайды әкел (осы кезде ақ жайма жайылып тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады). Тұсау кескесін ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
Осындай той бәріңізге жұғысты болсын.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арнаған тақпақтарға береміз.
Шыңғыс: Шырқап салған әнімен,
Мерекелік сәнімен.
Азат: Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Мейіржан: Жаңа дәстүр жырымен,
Ел наурызды тойлайды.
Сымбат: Наурыз саған жол болсын,
Тілегім анық сол болсын.
Қ. Кәусар: Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Б. Кәусар: Құшақтасып көріскен,
Наурыз тойы құтты болсын!
Ғафур: Наурыз келсе құт келгені, халайық!
Ел боп қарсы алайық.
Мадина: Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Малика: Баянды бол мереке
Қыр гүліндей жайнайық.
Нұрислам: Ұлыс береке берсін,
Бәле - жәле жерге енсін.
Нұрасыл: Ой, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Жаннұр: Наурыз тойы көңілді
Бірге қарсы алайық.
Би: "құстар биі"
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің "Алтын сақа", ертегісінің желісімен қойылған көрінісімізді тамашалауға шақырамыз.
Тәрбиеші: Джумагазиева Жадырасын Нуровна
Толық нұсқасын жүктеу