Нанды көрсе жердегі, Обал дейді көтеріп

Скачать

Ескен Елубаевтың өлеңі

Көктемде амал торғайды
Көрсе атқан баланы,
Мынау, мынау оңбайды
Деп мүйіздеп алады.

Түрің мынау добалдай,
Сенде қандай ақыл бар.
Торғайды ату обал ғой,
Оған қандай хақың бар...

Атқа қонсақ жиналып,
Көкпар деген хабар кеп,
Қалады,- деп, - қиналып
Шаппайды атпен обал деп

Ешкімге де көрмеді
Нақақтан қол көтеріп.
Нанды көрсе жердегі,
Обал дейді көтеріп.

Барлығына жүргені
Жаны ашып, обал деп
Әділеттілік – сүйгені,
Көргендігі одан көп.

Жамандыққа жаны қас,
Жақсы істен тайынбас,
Арамызда осындай
Балалардың бары рас.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz