Сәлематсыздар ма Құрметті ұстаздар

Скачать

Сәлематсыздар ма Құрметті ұстаздар!
Мен Кемпрекова Жанар Жансерікқызы
Мен Сіздерге ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту үшін қолдануға болатын тренинг түрлерін көрсетемін. Барлығымыз ортаға шығып айнала шеңбер құрып тұрайық.
Қазір мен сіздермен танысу және алдағы жұмыстарымызды жасауға психологиялық дайындық мақсатында Байланыс тренингін өткіземіз.
Әр қатысушы өзін таныстырып, жіпті қолдарына бір орап келесі адамға береді, ол адам тура осылай қайталайды. Барлығы орап болған соң Қараңыздаршы мына жібіміз неге ұқсап тұр. Бұл адамдардың бір – бірімен қарым - қатынасы. Біздің мысалымызда бұл ата - ана, оқушы, мұғалім, үштігінің байланысы. Ал енді осы байланыс бір жерден босап шығып кететін болса, не болар еді? Қалай ойлайсыздар?

Жақсы барлықтарыңызға рахмет, орындарыңызға бара берулеріңізге болады.
Бұл жұмыс адамдардың арасындағы байланыстың жіптей жұқа, жіңішке екенін көрсетеді.
Келесі тапсырмада ата - ана мінсіз мұғалім, оқушы мінсіз ата - ана, мұғалімдер мінсіз оқушы моделін жасайды.
Плакат таратылып беріледі.
Бұл тапсырманың мақсаты Мұғалім ата - ана оқушы үштіктігін әр қырынан талдап Бір – бірінен не талап етілетінін анықтап алу үшін қолданылады.
Құрметті мұғалімдер Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар

"Шегенің ізі"
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: (қалай ойлайсыздар ары қарай не болады?)
Маңайындағылармен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр , - деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. (енді не болды, кім қалай ойлайды?)
Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: Енді сол кісілермен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр , - дейді. ( сіздердің ойыңызша бала не істер еді?) Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: (Әкесі не айтады?)
Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Адамдармен қарым - қатынасыңды бұзған сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам , - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырып.
Қандай әсер алдыңыздар?

Бұл тапсырманың мақсаты: Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру,
Келесі әдіс тәсіліміз Алтын тақ деп аталады. Мына орындық тақтың міндетін атқарады. Осыған отырып армандарын айтқан адамдардың армандары толық орындалады. Мен сіздерді Алтын таққа отырып армандарыңыздың орындалуына қадам жасауларыңызды сұраймын.
Бұл тапсырманың мақсаты ата - ана мұғалім оқушы үштігінің бірін - бірінен не күтетіндігін анықтап беру үшін қолданылады.
Назарларыңызға рахмет! Сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.


Скачать


zharar.kz