ҚамырынаҰн - 500 грЖұмыртқа - 1 басТұз - 1 шай қасықСу - 200 миллилитрҚамыр ішіне салуға:Картошка - 500 граммПияз - 400 граммСұйық май - 100 граммТұз - қалауыңызшаҚара бұрыш - қалауыңызшаКартопты қайнатып пісіріп алу қажет

Скачать

Қамырына
Ұн – 500 гр
Жұмыртқа – 1 бас
Тұз – 1 шай қасық
Су – 200 миллилитр

Қамыр ішіне салуға:
Картошка – 500 грамм
Пияз – 400 грамм
Сұйық май – 100 грамм
Тұз - қалауыңызша
Қара бұрыш - қалауыңызша

Картопты қайнатып пісіріп алу қажет. Қабығынан тазалап езбе дайындаңыз. Пиязды майдалап турап, майға қуырып алыңыз. Картоп езбесімен қуырылған пияз екеуін араластырыңыз, дәміне қарай тұз, қара бұрыш салыңыз.
Ең алдымен су, тұз, жұмыртқаны араластырып алыңыз, ұнды електен өткізіп, қаттылау қамыр илеңіз. Қамырды 15 - 20 минуттай демалдырып қойыңыз.
Қамырды жұқалау етіп жайыңыз, төртбұрышты етіп кесуге болады немесе дөңгелек етіп оюға да болады.
Қамыр ішіне картоп езбесінен дайындалған фаршты салып түйіңіз. Түйілген қамырлардың астына аздап ұн сеуіп қойыңыз, жабысып қалмас үшін.
Қазанға 3 литрдей су құйып қайнатып, 1 шай қасық тұз салып, қайнап тұрған суда 8 минуттай пісіріңіз. Қозғап қойыңыз, түбіне жабысып қалмасын. Піскен вареникті қаймақпен ұсынсаңыз болады немесе бетіне қуырылған пияз салуға болады.
Асыңыз дәмді болсын!

Суретімен қарау

Дайындаған: Асыл

Өзіңіздің тағам рецептіңізбен бөлісуге болады, ол үшін сайтқа кіріп енгізуге болады немесе поштаға хат жолдаңыңызға болады.


Скачать


zharar.kz