Буынаяқтылар типі, өрмекшілер класы

Скачать

7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класына жалпы сипаттама, бунақденелілердің көптүрлілігі, бунақденелінің құрылысындағы ерекшеліктер, бунақденелілерді қолға үйрету.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілердің көптүрлілігі, бунақденелілерді қолға үйрету туралы танысады.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа және тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым - қатынасқа тәрбиеленеді.
Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – біліктілігін, оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақ типі: Аралас
Сабақ түрі: Жаңа білім беру
Көрнекілігі: Бунақденелілер топтамасы, суреттер, тапсырма жазылған үлестірмелі
қағаздар, плакат, жапсырмалар.
Әдіс - тәсілдері: талдау - жинақтау, сұрақ - жауап, проблемалық әдіс, тірек сызба, топтық, жұптық жұмыс
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, география, ағылшын, орыс тілі, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу. О. б ленталар алу арқылы бір шаңырақ астына жиналу.
Сабақ ұраны: Мәңгілік ел – болашақтың іргетасы, шаңырақтың ұлттық идеясы.
Үй тапсырмасын тексеру. Буынаяқтылар типі, өрмекшілер класы.
Оқушылардың топтағы жұмыс істеу алгоритмі.
1. Әр оқушы мәтінді оқып шығады.
2. Барлық оқушылар өз топтарына берілген тапсырмалар бойынша тақырыптың маңызды түсініктерін дәптерге түсіреді,
Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі.
3. Әр топтан оқушы өздерінің жұмысын қорғайды
Екі шеңбер стратегиясы. Оқушылар үй тапсырмасын еске түсіреді. Стратегияны түсіндіру.
Кейбір оқушылар карточкамен жұмыс жасайды.
Өрмекші торы стратегиясы. Сұрақ жауап.
1. Өрмекшітәріздестерге жататын жәндіктерді ата
2. Олар қай типке топтастырылған
3. Өрмекшілерді зерттейтін ғылым
4. Неге арахнология деп аталған
5. Өрмекшітәріздестердің денесі неше бөлікті
6. Мұртшасы барма, жоқпа.
7. Қантарату жүйесі
8. Тыныс алу жүйесі
9. Демтүтік деген не
10. Шаяндардан негізгі айырмашылығы
11. Өрмекшітәріздестердің басым көпшілігінде қанша жұп аяқ болады.
12. Зәр шығаруы
13. Жүйке жүйесі
14. Көбеюі
15. Көздері
16. Өрмекті қалай тоқиды
17. Ең ірі өрмекшітәріздестер
18. Өкпе
19. Хитин деген не?
20. Кенелер кай класка жатады.
21. Кенелерді ата.
Т - Кестесі
Белгілердің қай буынаяқтыларға тән екенін + арқылы кестеге толтырыңдар:

ІІ. Мағынаны таны.
Шегіртке мен құмырсқа мысалын оқу.
Сабақ тақырыбы. Бунақденелілер. Насекомые. Insects.
Оқушылардың салған суреттері болса тақтаға ілу.

Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырмалар үлестіру.
Жануарлар дүниесі
Көпжасушалы жәндіктер дүние тармағы
Буынаяқтылар типі
Бунақденелілер класы
БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР
Жануарлар дүниесі, Көпжасушалы жәндіктер дүние тармағы, Буынаяқтылар типі,
Бунақденелілер класына жататын омыртқасыз жәндіктер. Насеком – құжынақ дегенді білдіреді, сондықтан олар жер бетінде өте көп таралған. Олардың 1 миллионға жуық түрі бар. Олар 35 отрядқа жіктелген. Екі класс тармағы бар. Туақанатсыздар, қанаттылар. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым энтомология деп аталады.
Тіршілігі, түрлері:
Жер бетінде жорғалап (қоңыз, құмырсқа, тарақан), Топырақ астында (бұзаубас), Ауада ұшып (шыбын, маса, көбелек, инелік), Суда (суаршын, су қандала, су шалқақ, зұламат),
Адам мен жануарда паразиттік жолмен тіршілік етеді (бүрге, бит, қандала).
Буданақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері:
Бунақденелілер - буынаяқтылардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. Көпшілігі құрлықта мекендейтін, демтүтік арқылы ауамен тыныс алатын, дара жынысты, буынаяқты жәндіктер.

Бунақденелілер класына жалпы сипаттама, бунақденелілердің көптүрлілігі, бунақденелінің құрылысындағы ерекшеліктер, бунақденелілерді қолға үйрету. жүктеу


Скачать


zharar.kz