Математика
Тақырыбы: Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Мақсаты: 1. Оқушыларды екі таңбалы санға бөлу алгоритмімен таныстыру;
2. Есептеу қабілеті мен дағдыларын жетілдіру;
3. Сауатты есептеуге, ұқыпты, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) сабаққа қатынасын бақылау;
б) сабаққа бейімдеу, зейіндерін жинақтау.
2. Үй жұмысын сұрау
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
Тақырыпты ашу мақсатында тақтаға мынадай сандар жазылған карточка ілінеді.
392, 333, 492, 261
Осы сандарды кему ретімен орналастырғанда бөлу деген жазу шығады.
Бүгінгі тақырыбымыз. Екі таңбалы санға бөлу.
Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.
Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа тапсырма беріледі.
1 - топ: Бөлінгіш 81, бөлгіш 27, бөліндінің мәнін табу; (3 )
2 - топ: Бөлінгіш 69, бөлгіш 23, бөліндінің мәнін табу, (3 )
3 - топ: бөлінгіш 76, бөлгіш 19, бөліндінің мәнін табу; (4 )
4 - топ: бөлінгіш 70, бөлгіш 35, бөліндінің мәнін табу. (2 )
Енді жаңа сабаққа назар аударамыз.
Түсіндіру: №1.
Бөлуді орындар алдында бірінші толымсыз бөлінгішті және бөліндінің мәніндегі цифрлар санын анықтап алу керек.
Жазамын: бөлінгіш 1 134, бөлгіш 21. Бөліндінің мәнінде мыңдық шығатындай етіп 1 мыңдықты 21-ге бөлуге болмайды. Бөліндінің мәнінде жүздік шығатындай етіп 11 жүздікті 21-ге болмайды. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 113 ондық.
Бөліндінің мәнінде екі цифр (ондық, бірлік) болады.
Ондықты бөлемін: 113: 21=5(қалдық 8 онд.), бөліндінің мәніне 5 - ті жазамын, қалдықты ондықтардың астына жазамын. Бірліктерді түсіремін. 8 ондық және 4 бірлік - бұл 84 бірлік.
Бірліктерді бөлемін: 84: 21 =4, 4 - ті бөліндінің мәніне жазамын, қалдық нөлге тең., яғни толығымен бөлдік.
Жауабын оқимын: 54.