Венн диаграммасы арқылы сабақты бекіту

Скачать

Сабақтың мақсаты: Етістіктің сөйлемдегі қызметі бойынша білім беру. өз ойын тиянақты жеткізуін қамтамасыз ету, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту. Оқушыларды жаттығулар орындату арқылы ізеттілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: қайталау сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Венн диаграммасы, сызбалар, слайд.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару..
2. Үй жұмысын тексеру.
Жаттығу жұмысын тексеру арқылы өткен сабақты еске түсіру.
Тастан тасқа секіріп,
Жем тереді... (кекілік)
Айбат шегер алыстан
Аң патшасы... (арыстан)

3. Жаңа сабақ.
Жақсы балалар, етістік жайында жалпы білімдеріңізді көрсете алдыңыздар. Бүгінгі жаңа сабағымызда етістікпен тікелей байланысты. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Осы бүгінгі сабағымызға қандай мақсат қояр едіңіздер?(оқушылардың жауабын алу. Өз ойымызды жүйелі жеткізе отырып, танымдылығымызды дамыту)

Мұғалім: Экрандағы сөзжұмбаққа көзімізді жүгіртейік. Сөзжұмбақтың шешімін табу.
Ойлан тап Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз, сөйлем құра.
Жазды, айтты, оқыды, барды, келді.
Үлгі: Жазып жатыр. Айнаш әжесі туралы шығарма жазып жатыр.

Оқулықпен жұмыс.
12 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті, етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жыршы жыр.... Ақын өлең.... Дәрігер ауруларды....
Мұғалім балаларды.... Сауыншы сиыр....

Тақтамен жұмыс.
Деңгейлік тапсырма: Сәйкесін тап
Оқысаң... -------------------- сусын ішесің
Аяғың ауырса... ----------- күн жылынады
Көп ұйықтасаң ------------ қолыңмен сүртпе
Шөлдесең... ---------------- басың ауырады
Көзің ауырса... ------------- көп жүрме
Жаз шықса... --------------- түсінесің

Сергіту сәті.
Венн диаграммасы арқылы сабақты бекіту.
Зат есім ----------------- Етістік
Бағалау.
Үйге тапсырма: 15, 16 – жаттығу.


Скачать


zharar.kz