Дүниетану – 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы
Сабақтың мақсаты:
а) Қоғамның шаруашылық және мәдени өмірі туралы түсінік беру ә) Танымдық қызығушылығын дамыту
б) Еңбексүйгіштікке, адам еңбегін сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау, топтастыру
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, тірек сызбалар
Күтілетін нәтиже: оқушылар өздерін бағалай білуі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Балалар, бәрің әдемі болып келіпсіңдер. Бүгін ерекше күн. Бүгінгі күндеріңе сәттілік тілей отырып, дүниетану сабағын бастаймын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Ауыл мәтінінің түсінігін айту
Ауыл мен қаланы салыстыру
- Қай жерде тұру ұнайды?
- Не үшін?
2. Ізденіс жұмыстарының қорытындысы
1 - қатар. 1) Қазақстанда неше облыс бар?
2) Неше қала?
3) Соның ішінде жақсы дамып келе жатқан қала?
Қай жағынан дамып келеді?
2 - қатар. 1) Батыс Қазақстан облысында неше аудан бар?
2) Неше ауыл бар?
3) Соның ішінде жақсы дамып келе жатқан ауыл?
Даму ерекшелігі қандай қандай?
3 - қатар. 1) Бөрлі ауданыңда неше ауыл бар?
2) Соның ішінде жақсы дамып келе жатқан ауыл?
Қайдан білдіңіз?
Енді өзіміздің тұрып жатқан қаламызға тоқталып өтейік.
Қызығушылығын ояту
Ақсай қаласында қандай мәдени орталықтар жұмыс істейді?
Ақсай → Мәдениет үйі, мұражай,
кітапхана, мектептер, балабақшалар
- Соңғы жылдары қаламызда қандай өзгерістер болып жатыр?
- Қаламыздың даму қарқыны байқала ма?
Балалардың жауаптары
- Қаламызда жаңа мектеп салынды
- Балалар ойын сауық орталығы ашылды
- "Наурыз " саябағы ашылды
- Жақсы ауданның даму барысында сендерді не толғандырады?
Сендер аудан әкімі болсаңдар, қаланы өркендетуге қандай үлес қосар едіңдер?
- Бұл жұмыстарың қалай іске асады?
ІІІ Жаңа сабақ Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы
Ой қозғау
- Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы үшін ең басты не қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбек арқылы
- Еңбек ету дегенді қалай түсінесіңдер?
- Не үшін еңбектену қажет?
- Балалар сендер қандай еңбек етесіңдер?
- Балалар бұл тақырыпқа сабақтың соңында тоқталамыз
- Еңбек ресурсы – Адам
- Балалар ер адамдар неше жастан бастап жұмыс істейді?
- Әйел адамдар неше жасқа дейін жұмыс істейді?