Ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану

Скачать

Ақтөбе қаласы,
Сымбат жеке мектебі
бірінші санатты бастауыш
сынып мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы

Сиқырлы жұлдыздар
1-4сынып оқушыларына арналған бағдарлама

Аннотация
Автор Сиқырлы жұлдыздар бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларына дүниетану пәнін тереңірек меңгеруін қамтып, аспан әлемінің тылсым күштерін оқытуды қамтыған. Бағдарламада түндегі жұлдыздардың құпиялары мен бүккен сырлары туралы жан-жақты тақырыптар қамтылған.Бағдарламада балаларды астрономиямен тұңғыш рет таныстыруға тырысқан.Күн жүйесінің жұлдыздар мен планеталар әлеміне түрлі бастан кешулер мен көңілді ойындарға толы, елітіп әкететін саяхат жасау көзделген.

Түсінік хат
Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған.Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда.Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше.Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға мәлім.
Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да, іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.
Бастауыш саты-білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Біздің міндетіміз-жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.

Дүниетану пәнінің мазмұны оқушыларды қоршаған өмірдің әр түрлі объектілері мен құбылыстарын зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдістерімен және тәсілдерімен жүйелі түрде қаруландыруды ескере келсе, Сиқырлы жұлдыздар бағдарламасында күн жүйесінің жұлдыздар мен планеталар әлеміне түрлі бастан кешулер мен көңілді ойындарға толы, елітіп әкететін саяхат жасау көзделген.
Сиқырлы жұлдыздар бағдарламасының бастауыш сынып оқушыларына көп пайдасы бар десек қателеспейміз.
Осы бағдарлама кіші мектеп жасындағы оқушыларды мынадай мақсаттарға жетуді көздейді.

Білімнің базалық мазмұны
4 сынып
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Сиқырлы жұлдыздар атты үйірме бағдарламасы
Р с Тақырыптың аты Сағат
саны
Өткізу түрі
1 Кіріспе 1 Баяндау
2 Табиғат және адам 1 Өзіндік жұмыс
3 Табиғат құбылыстары
1 Деректермен жұмыс
4 Физикалық құбылыстар
1 Деректермен жұмыс
5 Жер-Ана
1 Шығармашылық жұмыс
6 Жер серігі-Ай
1 Ойталқы
7 Құбылыстар 1 Зерттеу
8 Тест
1
Тест
9 Ғарыштың адамзатқа берері мол
1 Іздену
10 Біздің галактика
1
Зерттеу
11 Құс жолы
1
Өзіндік жұмыс
12 Жасанды зерде 1
Зерттеу
13 Ерте дүниедегі халық астрономиясы
1 Құжаттармен жұмыс, ойталқы
14 Бақылау, эксперимент 1 Танымжорық
15 Теориялық зерделеу
1 Зерделеу
16 Жорамал, болжам
1 Фактілер, деректер
17 Телескоп
1 Мәнжазба

18 Механикалық қозғалыстар 1 Тренинг
19 Тест 1 Тест
20 Санақ жүйесі 1 Көз жеткізу
21 Планеталардың қозғалысы 1 Саяхат сабақ
22 Меркурий.Болпан немесе Кіші Шолпан 1 Карта бойынша
саяхат жасау
23 Шолпан 1 Деректермен жұмыс
24 Жер
1 Пікірталас
25 Сәйкестендіру тестісі 1 Тест
26 Марс.Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз 1 Ойталқы
27 Юпитер.Есекқырған 1 Ізднеу
28 Сатурн.Қоңырқай
1
Көз жүгірту
29 Уран

1 Ой талқы
30 Нептун
1
Деректермен жұмыс
31 Плутон.Ергежейлі планета 1 Саяхат
32 Күннің жылдық қозғалысы
1 Зерделеу
33 Күн жүйесінің құрылысы туралы ғалымдардың көзқарастары 1 Дөңгелек үстел

34
Қорытынды
Түйіндеме сабақ
Сиқырлы жұлдыздар атты үйірме бағдарламасын ұйымдастыру формасы

12жылдық білім беру парадигмасын көшуге байланысты бүгінгі күні мектеп алдында кез келген жағдайда туындаған проблеманы шешуге қабілетті, өзінің өмірін басқаруға құзіретті тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.Оларды оқушының құзіреттілігін қалыптастыратын әдістердің ішіндегі ең негізгісі өз бетімен оқу, іздену болып табылады.Оны сабақта, сабақтан тыс уақытта қолдануға болады.12 жылдық мектептің оқу жоспарына Оқушыларды өз бетімен іздене отырып оқытудың негіздері курсы енгізілу көзделіп отыр.
Бұл бағдарлама өз бетімен оқитын тақырыпты анықтаудан бастап, алынған нәтижелерді презентациялауға дейінгі циклден тұрады.Бұл бағдарламаның негізінде Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы білім беру стандартында анықталған негізгі құзіреттіліктердің, яғни проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент, ақпараттық және коммуникациялық құзіреттіктердің қалыптасуын байқауға болады.
Білім беру процесін ұйымдастыруда мұғалім қызметінің мақсаты оқыту деп көрсетілген. Мұғалімнің ең басты оқыту қызметтері:
- Өз пәнінің пәндік және негізгі мақсаттарын ескере отырып, оқу
іс-әрекетінің нақты мақсаттарын жобалау.
- Стандарт талаптарына сәйкес конструкциялау.
- Ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану.
- Оқушының тұлғалық - әрекеттік бағыттылығын реттеу.
Оза оқуына толыққанды жағдай жасау.
- Құзіреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция туғызу.
Кәзіргі педагогикалық әдістемеде оқыту формалары өте көп. Пікірталас, ойталқы, қонференция, тренинг, ауызша журнал, мұражайға бару, кітапханадағы дөңгелек үстел, рольдік сабақ, интерактивті сабақ, сын тұрғысынан ойлау, топтық сабақ ақпараттық сабақ т.б. Бұл әдіс-тәсілдер сыннан өткен, сабақтарда пайдаланылып жүрген әдістер.

Мұғалімнің қызметінің ішіндегі соңғы уақытта тәжірибеге еніп бара жатқан ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану.Ақпараттық ортаға: оқулықтар, оқу-әдістемелері, баспасөз, ғылыми-көпшілік кітаптар, теледидармен бірге кәзіргі кездегі мультимедиялық бағдарламалар, электронды оқулықтар, интерактивті тақта, интернет желісі жатады. Яғни, мұғалімнің де, оқушының да ақпарат алатын мүмкіндігі көп. Соңғылары ақпараттық технологияға жатады.Ақпараттық технологияның ерекшелігі орындалатын қызмет тез және нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. Компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен оқуға ықыласын көтереді. Оқушының тұлғалық –әрекеттік бағытын дамыту курстың ең басты талабы болу керек. Оқушының оқу жағдайларын шешуде әрекет ету әдістерін, тәсілдерін, білігін, бұрын меңгерген білімін, дағдыларын қолдануға үйрету керек. Көптеген оқушылар деректермен қалай жұмыс істеп, нені зерттеуді, тақырыптың түйінін табуды білмейді.Сондықтан мұғалім тақырыпқа байланысты тапсырмалардың маңыздысын, орындау жолдарын көрсетуі керек.

Бастауыш сынып мұғаліміне қойылатын ең басты талаптар: сабақтың пәндік және
Тарихтан білім бергенде мәнерлі сөздің ролі орасан зорболады. Мұғалімнің әсерлі, қызғылықты әңгімесі оқушының оқиғаны ойша көз алдына елестетуіне, оқушылардың тыңдаушылардан оқиғаның куәгерлеріне , тіпті оқиғаның қатысушыларына айналуына қол жеткізуіне болады.Осылай істегенде оқушылардың ынта-жігері артады, белсенділігі оянады.
Оқытуды ұйымдастырғанда тағы бір есте сақтайтын нәрсе баяндау мен зерттеу тығыз байланыста болатынын есте ұстау керек. Мысалға, салдардан –себептерге әдісі бойынша оқып-үйреніп отырған оқиғаның салдары болған деректер айтылады, ал оқушылар көптеген жаңа мәліметтерді талдап қорытындылау арқылы осы оқиғаның себептерін ашады.
Оқушыда тарих пәнін оқып-үйренуге қажетті дағдылар мен іскерлік қалыптаспаса онда сапалы білім болуы мүмкін емес.
Курсты оқытуды аяқтағанда мұғалім өз оқушыларының бойына кем дегенде төмендегі үш сапаны қалыптастыру керек.
1.Оқушының дүниетану пәнін оқып-үйренуге ынтасын;2.
2.Пәнге деген жауапкершілік пен қызығушылығын;
3.Пәнді меңгеру тәсілдерін яғни оқу қызметі тәсілдер.
Бағдарламада оқушылардың логикалық ойын дамытатын тақырыптар бар. Сол тақырыптар бойынша курсты аяқтарда реферат, шығарма, эссе, баяндама жазу, жоба жасау, тәрбиелік шаралар құру тапсырылады және тақырыптарын қорғайды.

1.Бағдарламаның жалпы сипаттамасы
Бағдарлама мақсаты:
Оқушы тұлғасының өзін өзі дамыту процесіндегі интеллектуалдық-шығармашылық потенциалын дамытуда іздене отырып оқу қабілетін жетілдіру.
Бағдарлама міндеттері:
- оқушының танымдық қажеттіліктерін дамыту.
- бастауыш сынып оқушыларын өз бетінше іздене отырып оқу және жобалау жүргізуіне қажетті арнайы біліммен қамтамасыз ету.
- оқушыларда ізденіс және шығармашылық жобалау, бағдарлау бақылау білігі мен дағдыларын дамыту және қалыптастыру.
-оқушылар мен педагогтарда іздене отырып оқыту туралы көзқарасын оқу әрекетіндегі жетекші тәсіл ретіндегі қалыптастыру.

Оқушының іздене отырып өз бетімен оқу практикасының білім беру процесіндегі орны
12 жылдық білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес бүгінгі мектептің алдында өзінің өмір сүру әрекетін басқара алатын, кез келген туындаған проблеманы шешуге қабілетті құзіретті тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.
Өз бетімен іздене отырып оқыту бағдарламасын қолдану практикасы қазіргі қазақстандық мектептегі оқу процесінде кеңнен орын алуда.Қазіргі кезде мұғалімдер оқушылардың өз бетімен ізденуіне арналған тапсырмаларды көбірек беруге тырысады.
Өз бетімен іздене отырып оқыту бағдарламасы проблеманы анықтаудан бастап, алынған нәтижелерді презентациялауға дейінгі біртұтас циклдан тұрады.Бұл бағдарлама негізінде Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартта белгіленген негіізгі құзіреттіліктердің (проблеманың шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік)қалыптасуын байқауға болады.
Осыған байланысты оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен жүргізілетін Сиқырлы жұлдыздар атты үйірме бағдарламасын ұсынамын.

2.Бағдарламаның негізгі бөлімдері
Оқушының өз бетімен іздене отырып оқу қабілетін дамыту мақсатты ұйымдасқан оқу процесінде ғана мүмкін.
Іздене отырып оқу әрекеті кез келген оқу әрекеті тәрізді білім сапасын бақылау мен қолданудыың ерекше жүйесін талап етеді. Ол мазмұн мен нәтижені бағалауды ұйымдастырудың формаларыы мен әдістерін құрайды.
Ұсынып отырған жүргізілетін Сиқырлы жұлдыздар атты үйірме бағдарламасын ұйымдастыру формасы төрт бөлімнен тұрады:
Бағдарлама мазмұны
І.Кіріспе сабақтар
Кіріспе сабақтарды ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларына жүргізілетін Сиқырлы жұлдыздар атты үйірме бағдарламасы мен осы процесті ойлау тәсілдерін түсінуіне мүмкіндік береді.
ІІ.Жаттығу сабақтары
Жаттығу сабақтары бастауыш сынып оқушысының дүниетануы


Скачать


zharar.kz