Жұмыс барысындағы басты мәселе - ағылшын тіліндегі оқу материалын қазақстандық стандартқа сай сәйкестендіру

Скачать

ШҚО, Аягөз қаласы,
Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы КММ
физика және информатика пәнінің мұғалімі Кунусова М.О.
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алдабергенова А.Қ.

7- класта физиканы ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы

Түсінік хат
Елбасымыз көздеген әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер қатарынан орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерінің бірі - жастарымыздың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау болып табылады.
Әлемдік білім беру және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті кірігудің тиімді жолдарының бірі - әрбір қазақстандықтың кемінде 3-4 тіл білуі деп атап өтілді.
Осы биік мақсаттарға жетелеу, қалыптастыру кезеңі адам өмірінің мектептегі өткізген жылдарына сайма-сай келетіні - білім беру саласына үлкен жауапкершілік пен сенім артады, білім берудің жаңа ұлттық тиімді механизмдерін құрумен байланыстырады.

Осыған орай физика пәнін ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілді оқыту бағдарламасы іске асырылады. Физика және Астрономия 7 класс оқулығы бойынша аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат). Жұмыс барысындағы басты мәселе - ағылшын тіліндегі оқу материалын қазақстандық стандартқа сай сәйкестендіру. Бұл бағдарлама 7-сыныптағы физика курсын толық қамтиды. Негізінен практикалық жұмыстарға баса көңіл бөлінеді. Әр тараудың соңында міндетті түрде практикалық, бақылау жұмыстары жүргізіледі. Тарау мақсаттары, міндеттері, негізгі түйінді мәселелер және тірек ұғымдар мен қоса тарау мақсаттарына жетудің негізгі кезеңдері келтірілген. Олар: қызығушылықты ояту, жаңа ұғымдарды енгізу, оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және оқушының танымдық дағдыларын қалыптастыру кезеңдері.

Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Сабақ барысында қосымша берілетін физика-техникалық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді деген сенімдеміз.


Скачать


zharar.kz