Cауат ашу (слайд)
Тақырыбы: П п дыбысы мен әрпі.
1. Әріп дегеніміз не?
2. Дыбыс нешеге бөлінеді?
3. Дыбыс дегеніміз не?
4. А дыбысы қандай дыбыс?
5. Дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз?
6. Қызыл текшемен қандай дыбысты белгілейміз?
Жұмбақ
Ызақор бұғып жатыр,
Сақалын тығып жатыр.
пияз
- Пияз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- П дыбысы дауыссыз дыбыс. П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді.
- П әрпі сөздің басында, ортасында, соңында келеді.
- Парта, дәптер, құлып.
Ребусты шеш
Сергіту сәті
Еркін ұста денеңді,
Тарсылдатпай еденді,
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақ.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш.
Аяқты алға созайық,
Тік көтеріп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық,
Алға қарай озбайық,
Бір, екі, үш, бір, екі, үш.
“Кім жылдам?” ойыны
Ойын шарты: Өткен әріптерді мен айтам, сендер соған сөз айтасыңдар.
А – ата, ал – ма, ал – мұрт
Т – тас, тас – ба – қа, түл – кі
Дәптермен жұмыс
Үлгі дәптердегі п әрпін жазғызу.
- ауада жазғызу
- тақтаға жазғызу
- дәптерге жазғызу
Мұғалімі: Ақболаева Жадыра
П п дыбысы мен әрпі жүктеу