1001 мақал, 101 жұмбақ

Скачать

Ашық сабақ тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ
Мақсаты: Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктері: слайд, мақал - мәтелдер, жұмбақтар.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Бүгін біз сыныбымызда Мақал – сөздің мәйегі , Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді , - деген қанатты сөздермен 1001 мақал, 101 жұмбақ атты тіл білгірлер сайысын бастаймыз.
Бұл сайысқа екі топ қатысады: 1. Сұңқар тобы; 2. Барыс тобы
- Құрметті ұстаздар, сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алайық.
- Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтейік.
Мақал - мәтел дегеніміз ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп тұр.
Мысалы: мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты жеткізіледі. Мысалы: Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірмей, тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: Көппен көрген ұлы той - мұнда не көрсең де халқыңмен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Біздің мақсатымыз: оқушылардың білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше, біз бүгінгі сайысымызды бастайық.
1 - айналым: Кім көп біледі?
Шарты: Қатысушы топтар мақал - мәтел айтудан жарысады. (1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап беріледі)

2 - айналым: Жұмбақ шеш, мақал айт
Шарты: Берілген жұмбақты шешіп, жұмбақ мәтінінен бір сөз алып
мақал - мәтел тауып айту.
1. Үңгір түбінде жалбырап,
Өсіп тұр жалғыз жапырақ. (Тіл)
(Жалғыз: Жалғыз ағаш орман болмас, Жалғыз кірпіш қорған болмас)
2. Бір ғажап бар тілі жоқ.
Сөйлесем десең міні жоқ. (Кітап)
(Бір: Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар)
3. Күміс қазықтың асты алтын. (Тіл мен сөз)
(Күміс: Арпа бидай ас екен, Алтын – күміс тас екен)
4. Арқасында тауы бар,
Иір мойыны тағы бар
Шөлге төзіп, су таппай,
Ұзақ жолдан табылар (Түйе)
(Тау: Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады)
5. Желден желігеді,
Судан шегінеді. (От)
(Жел: Ақылды жел де ұшырмас, ұры да ұрламас)
6. Жел соқса жайқалып толқиды.
Ел оқыса тұла бойың балқиды. (Өлең)
(Ел: Отан – елдің анасы Ел – ердің анасы)

3 - айналым: Мақал – сөздің мәйегі
Шарты: Тақтада мақал - мәтелдердің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады
1. Жақсы кісі байқап сөйлер,.... (жаман кісі шайқап сөйлер).
2. Ер еліне ұқсар,... (мал иесіне ұқсар).
3. Балапан ұяда не көрсе... (ұшқанда соны іледі).
4. Өнер – ағып жатқан бұлақ.... (білім – жанып тұрған шырақ).
5. Жақсының аты өлмейді,... (ғалымның хаты өлмейді).
6. Көз жетпеген жерге... (сөз жетеді).
7. Отыз тістен шыққан сөз,... (отыз рулы елге тарайды).
8. Дұшпаны көптер сақтана жүреді,... (досы көптер мақтана жүреді).
9. Жалған достан... (жау артық).
10. Өнерлінің қолы алтын,... (өлеңшінің сөзі алтын).

4 - айналым: Даналық ойдан дән ізде
Шарты: топтар сандарды таңдау арқылы, ұяшықтан шыққан мақалдың мағынасын түсіндіреді.
1001 мақал, 101 жұмбақ. жүктеу


Скачать


zharar.kz