Жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдары

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарының пәк-ті. Жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдары. Тоңазытқыш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бу және газ турбиналары, тоңазытқыш машиналардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерімен, яғни жылу техникасының дамуының маңызды бағыттарымен таныстыру; схема, конспект құруға үйрету; салыстыру, талдау жасау қабілеттерін дамыту;
Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, сыйластыққа, ізденушілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдістері: түсіндіру, лекция, жатығу орындау, сұрақ - жауап, демонстрация
Сабақтың көрнекілігі: презентациялық слайд, интерактивті тақта, эл. оқулық дидактикалық материалдар, іштен жану қозғалтқышы.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, география

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын тексеру: Физикалық диктант
1. Жүйеге берілген....... оның ішкі энергиясының өзгерісіне және жүйенің сыртқы денелерге қарсы істейтін............ жұмсалады.
2. Бір дененің................ есебінен ғана жұмыс істейтін мәшинені жасау мүмкіндігіне тыйым салады. Ол процестің бағытын білдіреді............. ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.
3. Термодинамикада сырттан жылу алмай және машинаның ішінде қандай да бір өзгеріссіз, шексіз ұзақ уақыт жұмыс істейтін мәшинелерді............ мәңгі жылу қозғалтқыштары деп атайды.
4. Газдың сыртқы күштерге қарсы атқарған жұмысы газ............ Оның соңғы және бастапқы......... айырымына көбейткенге тең

III. Жан - жақты білімдерін тексеру:
Сәйкесін тап
Изобаралык процесс ---------------------------- T=const
Изотермалық процес ---------------------------- p=const
Термодинамиканың бірінші заңы ---------- изохоралық
Жылу алмасуынсыз жүретін процесс ------ Q=DU+A
Көлемі тұрақты процес ------------------------- адиабаталық

Кестені толтыр:

IV. Жаңа сабақ
І. Техниканың дамып жетілуі отындағы ішкі энергияның орасан мол қорын барынша толық пайдалана білу. Ішкі энергияны пайдалану дегеніміз – осы энергияның есебінен пайдалы жұмыс істеу, мысалы, жүк көтеру, вагондарды жүргізу, т. б. Бұл ішкі энергияны механикалық энергияға айналдыру қажет дегенді білдіреді. Бұл түрленулер жылу қозғалтқыштары деп аталатын жылу машиналарының көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай қозғалтқыштар 18 ғасырдың аяқ кезінде ойлап табылған болатын. Жылу машиналарының теориясында ТД - ның екінші бастамасы негізгі рөл атқарады.


Скачать


zharar.kz