Інжу моншағы туралы
Көпке танымал інжу тастарының қалай пайда болуы туралы білесіз бе? Білмесеңіз бұл өте қызық құбылыс. Інжу тасының пайда болу ұлу қабыршағының ішіне құм еніп кетуінен немесе майда паразит еніп кетуінен пайда болады деген болжам рас, алайда, ондай нағыз інжу тастарын кездестіру өте сирек. Қазіргі кезде інжу тастарын жасанды жолмен өсіреді.
Негізгі шындық бұдан да қызығырақ. Ұлу қабыршығының ішіндегі жұмсақ етті қорек ету үшін кейде майда паразит ұлу қабыршағының ішіне еніп кетеді де шыға алмай қалады. Өйткені ұлу ішіне түскен белгісіз паразиттен өзін қорғау үшін бойынан перламутр бөледі де белгісіз затты сол перламутр қабатымен орап тастайды. Оны өмірінің соңынан дейін жалғастырады. Перламутр қабатымен қапталған әлгі паразит немесе құм қиыршығынан інжу тасы пайда болады. Мұндай табиғи түрде пайда болатын інжу тастарын табу қиын, және табиғи інжу тасының формасы дөңгелек болмауы да мүмкін. Сол себепті 1910 жылғы інжу тасын қолдан өсіруді патенттеген Жапондық Кокочи Микимото дәл осы тәсілді пайдалана отырып жасанды жолмен інжу тастарын өндіруді қолға алған.
Денесінде інжу тасы пайда болатын ұлулардың тұқымын алып қолдан өсіреді. Алдымен арнайы ыдыстарда ұлу тұқымы өсіріледі. Ұлудың табиғи түрде өсіп жетілу үшін барлық жағдай жасалады. Оларды қоректендіреді, судың температурасын қадағаланып отырады.
Ұлу інжу тастарын өсіруге дайын болған кезде олардың ұрпақ даму органына (репродуктивті органына) ұсақ моншақпен бірге басқа ұлудан алынған кішкентай ғана мантия эпителинің перламутр қабатын енгізеді де оларды қайта суға жібереді. Інжу тасы пайда болуы үшін бір жылдай ұлуды күтіп - баптайды.
Ұлу қорғаныш қасиетінің әсерінен бойындағы бөгде зат яғни моншақты өзінен бөлінетін перламутрмен қаптайды да содан әдемі інжу тасы пайда болады. Көптеген әйел затының жүрегіне қуаныш сыйлайтын інжу тастары осылай өмірге келеді.
Бір қарағанда бұл қарапайым болып көрінгенімен әдемі інжу тасын өсіру жолында ұлудың көпшілігі жойылып кетеді екен.
Алайда, қай әйел заты болсын әдемі інжу моншағы үшін қанша ұлу жәндігінің сұлулықтың құрбаны болғаны туралы ойланып бас қатырмайтыны анық.
Бұл тақырыпта білетініңіз болса бөлісе отырыңыз, пікір қалдыру жолына жазба қалдыруға болады.