2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары
Жалпы мақсаттары: Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар жабайы және үй жануарларын ажыратады. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат алады.
Әдіс - тәсілдер: жеке жұмыс, топтық жұмыс, Венд диаграмасы, сейкестендіру, тірек - сызба, баспалдақ әдісі, Кубизм
7 модуль Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Қолданылатын ресурстар: АКТ, сурет, тірек - сызбалар, А4
I Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері:
Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер сондай әдемісіңдер, сондай көңілдісіңдер. Ендеше күніміз көңілді, достықта өтсін деп, бір - бірімізбен қол ұстасып шаттық шеңберін құрып, көңілді күйімізді сыйлайық.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Үй тапсырмасын тексеру
Кубизм әдісі (сұрақ - жауап)
- сүтқоректілерге қандай жануарлар жатады, неге?
- аю жануарлардың қай топқа жатады, неге?
- жылан жануарлардың қай топқа жатады, неге?
- жануарларға тіршілігіне не қажет?
- күн жарығының жануарларға тіршілігі үшін қажет екенін дәлелде?
- қыста ұйқыға жататын аңдарды атаңдар.
Топқа бөлу
Жаңа сабақ Ой қозғау
Сөзжұмбақ (жануар)
Жануарлардың суретін (жылқы, түлкі) таңдату арқылы топқа бөлу
ж ы л қ ы
а р ы с т а н
қ о я н
б ұ з а у
а ю
сиыр
Слайдпен жұмыс
Жануарлар туралы не білесіңдер?
Тірек - сызбаны пайдаланып әңгімеле.
Үй жануарлар -....
Жабайы жануарлар - табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімді. Олар азық қорын да қалай табу жолын біледі.
1 - топ. Үй жануарлар
2 - топ. Жабайын жануарлар
Неге біз жануарларды үй жануарлар дейміз?
Жабайы жануарлар
- орманда, тауда, далада мекендейді
- өзін - өзі қорғайды, емдейді, қорек табады
- өздері төлдеріне қамқорлық жасайды
- өздері ін қазып, үңгірлерді мекендейді
Үй жануарлары
- адамның жанында тіршілік етеді
- адам оларға қамқор болады
- оларды күтеді, емдейді
- оларды қоректендіреді
- қора, үйшік жасайды
Ұқсастығы
- жануарлар
- төлдейді
Оқулықпен жұмыс (жануарларды орналастыр).....
Бастауыш сынып мұғалімі: Капасова К. К.
Жабайы және үй жануарлары жүктеу