Сабақтың мақсаты: өткен шақ түрлері, бұрынғы өткен шақ пен ауыспалы өткен шақтың мағынасы, жасалуы туралы түсінік беру.
Дамыту мақсаты: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: шығармашылыққа, өз ойын жеткізе білуге баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, еске түсіру, есімшені пысықтау, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: бұрынғы өткен шақ пен ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісінің кестесі.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Топтастыру стратегиясы арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
ІІ. Мағынаны тану.
Қатені тап ойыны түрінде жүргізіледі.
Оқулықпен жұмыс жасайды.
1. Бұрынғы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, олар қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.
Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымай Алашына қызмет еткен.
Болса да қалың тұман, қараңғы түн,
Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.
Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін жалданбаған.
Қайткенде Алаш көркейер? деген ойдан,
Басқа ойды өміріне малданбаған.
2. Ауыспалы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалғанын түсіндіріңдер.
Көкесінің төрт жыл бойы жаумен атысып жүріп, алтын сағат ікелгені рас. Шығыршық бауы сала құлаш, жиегі сап – сары, сыртылдап соғатын. Көкесі ауылға барса, шынжырын төгілдіріп, төс қалтасына салып алатын. Әлсін - әлсін қолына алып, қақпағын ашып қарайтын, жылқыға шықса, керегенің басына іліп кететін.
Екі қатардағы оқушылар жаттығуларды орындап, бір – бірінің қателерін түзетеді.
Барлық шаққа
(жарыс ойыны)
Ойын.
Бастаушы тақтаға бірнеше етістіктер жазып (жүр, біл, ақылдас, үйрен, жаса, тоқы), оларды барлық шаққа жарыса жіктеуді тапсырады.
Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді де, екі топтан екі бала кезекпен шығып, тақтадағы алғашқы етістікті жекеше, көпше түрде жарыса жіктейді. 1 - бала жекеше түрін айтқанда, 2 - бала іле – шала көпше түрін айту керек. Әр етістікті жіктеуге екі баладан шығып, ойынды жалғастыра береді. Берілген етістіктің барлығын жаңылмай дұрыс жіктеп шыққан топ жеңіске жетеді.
ІІІ. Ой толғаныс.
Өткен шақ етістіктерін қатыстыра отырып, кез келген тақырыпта досыңа хат жаз.
Бағалау.