Балалар тақтадан ненің суреттерін көріп тұрмыз

Скачать

Сабақтың тақырыбы: М дауыссыз дыбысы
Сабақтың мақсаты:
1) М дыбысына артикуляциялық сипаттама беру, М дыбысы бар байланысты сөздермен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасау. Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау, сабаққа деген қызығушылығын арттыру
2) балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, дыбыстарды дұрыс айту, анық айтуға үйрету. Фонетика - фонематикалық есту қабілетін арттыру. Сөздік қорын молайту
3) балалардың рухани өсуіне басшылық жасау, мәдени қарым-қатынасқа тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ, ойын
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың зейінін сабаққа аудару
Өткен сабақты қайталау
Орнын тап ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау. Мына суреттерді атауларын тауып, Ы әрпін орындарына қой
Тыныс алу жаттығуы: Мұрынмен дем алып, демді дауысты дыбыстарды айтып шығару

Жаңа сабақ
Моншақ, мақта, мысық, мата, машина деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз, білесіздер ме?
- М дыбысы.
М дыбысына артикуляциялық сипаттама: [м] дыбысын айтқанда еріндер жұмулы; ауа ағысының жолында кедергі бар; ауа ағысы еріндерді жарып өтетін тәрізді.
- Балалар тақтадан ненің суреттерін көріп тұрмыз. Қане осы сөздерге сөйлем құрастырайық. Мысалы: Асанның үлкен ала мысығы бар.
- Марат пен Мұрат өсіп тұрған мақтаны көріп, қызығып тамашалап тұр.

Сергіту сәті:
- Балалар мысық туралы сергіту сәтін жасайық
Мен – мяу мысықпын
Мяу - мяу - мяу
Өзім сондай пысықпын
Мяу - мяу - мяу
Қастық ойлап дұшпанға
Мяу - мяу - мяу
Жолбарысша атылам
Мяу - мяу - мяу
Тісті аямай батырам
Мяу - мяу - мяу

Саусақ қимылдарын арттыру арқылы мақта шиттетіп, қолдың ұсақ моторикасын дамыту
- Балалар мақта неге ұқсайды?
- Түсі қандай?
- Ол жұмсақ па, қатты ма?
- Оны кімдер егеді?
- Бізге пайдасы бар ма?
Тілді жаттықтыру
Ық - ық - ық - мысық
Ақ - ақ - ақ - моншақ
Та - та - та - мақта
Ай - ай - ай - май
Сиқырлы әріпті сандық ойынын ойнау арқылы сабақты пысықтау
Балаларға ойын шартын түсіндіру
1 - сандыққа М дыбысы сөздің басында келетін суреттерді салу
2 - сандыққа М дыбысы сөздің ортасында келетін суреттерді салу
3 - сандыққа М дыбысы сөздің соңында кездесетін суреттерді салу
Сергіту сәті:
Алақанды жаяйық
Аяқтарың орнында я - я - я
Тек алақанды соғайық я - я - я
Енді алға созамыз соқ - соқ - соқ
Енді арқаға созамыз тез - тез - тез
Биік - биік соғамыз соқ - соқ - соқ
Төмен - төмен соғамыз соқ - соқ - соқ
Енді қолды шайқаймыз шоқ - шоқ - шоқ
Демаламыз қане біз уф - уф - уф

Сабақты қорыту
- Балалар, біз қандай дыбыспен таныстық?
- М дыбысы қандай дыбыс екен?
- М дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма: М дыбысы бар сөздерге сөйлем құрау


Скачать


zharar.kz