Ақмая ауылын зерттеу

Скачать

Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл
Отаншылдық өз жеріңе, өз аулыңа, өңіріңе, өзіңнің туған өлкеңе деген сүйіспеншіліктен бастау алады...
Н. Назарбаев,
Қазақстан Республикасының Президенті

Кіріспе
Мен, Ақмая ауылында туып өстім. Осы ауылдағы Ақмая орта мектебінің 4 Б - сыныбында оқимын. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім қажет деп ойлаймын.. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым. Ауыл – ата - бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекені. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған батыр - бабаларымыз қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймыз.
Керемет ақын Мұқағали Мақатаев:
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады. Міне осындай туған жерге деген менің ауылым жайлы тереңірек білуге баулыды.

4
Мақсаты:
Ақмая ауылының тарихын зерттеу
Міндеті:
Оқушыларға кіндік қаны тамған жер, өз ауылының тарихы туралы тереңірек білу. Зерттеп зерделеу. Қазіргі жастарға ауыл тарихын айтып, кеңінен білуге насихаттау.
Тақырыптың өзектілігі:
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту
бағдарламасында: Отаншылдық өз жеріңе, өз аулыңа, өңіріңе, өзіңнің туған өлкеңе деген сүйіспеншіліктен бастау алады... деп айтқандай.... Біз болашақ ұрпақ ретінде өз ауылымыздың тарихын зерттеуді қолға алдық
Өз жеріңе, оның мәдениетіне, әдет - ғұрпы мен дәстүрлеріне ерекше
қатынасты қалыптастыру және ғұрыптау қажет. Қазіргі қазақстандықтар өз бабаларының осы жер үшін, оның аядай әр бөлігін сақтап қалу үшін, өзінің әдет - ғұрпын сақтау мүмкіндігі үшін, өз ұрпағына еркін болашақты қамтамасыз ету үшін күрескенін түсініп, отаншылдық рухын нығайтып, азаматтарды біріктіруге және тарихын құрметтеуге ықпал етуі тиіс.
Осы мақсатта, Шиелі ауданындағы Ақмая ауылы туралы зерттеу жүргіздім.

1. Ақмая ауылын зерттеу:
1. 1 Географиялық орны
• Ақмая — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Ақмая ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы – Шиелі ауылынан оңтүстік – шығысқа қарай 15 км жерде, Телікөл арнасының батыс жақ жағасындағы шөл белдемінде орналасқан. Координаттар: 44°05′07″ с. Е. 66°52′04″ ш. б.

5
1. 2 Ауылдың тарихы
Ақмая тұнған шежіре.
Бұл елдімекеннің тарихы патшалық кезеңнен басталады.
1853 - 1855 жылдары генерал В. Перовскийді Сырдария бойын зерттеу мақсатында оңтүстікке аттандырады. Осының нәтижесінде, кең жатқан өңірді игеру мақсатында 1887 жылы Мәскеуден теміржол тартыла бастайды. 1904 жылы сол теміржол Шиелінің үстінен өтіп
22 - бекет орнығады. 1937 жылы Хабаров өлкесінің қоныстарынан кәрістер Сыр бойына жер аударылды. Зорлықпен көшірілген кәріс халқының өкілдері Шиелі жерін мекендей бастаған. Еліміз егемендік алып, аласапыран кезең басталғанда бауыр басқан мекендерінен басқалардай ауа көшпей тұтастығын сақтап қалған бірден - бір ұлт осы кәрістер болып отыр. Әу баста кәрістер қоныстанған жер Авангард деп аталған екен. Табиғатынан еңбекқор кәрістер қалың сексеуіл мен жыңғыл басқан жерді игеріп, егістікке айналдырады. Авангар қолхозы аудан орталығы Шиелінің оңтүстік шығысында 16 шақырым жерде. Авангардтың негізін 1937 жылы Хабаровск өлкесінің қоныс аударып келген кәрістер салған. 1969 жылы халқы 2, 1 мың болған, көбіне күріш егумен шұғылданатын Авангард колхозында күріш ақтайтын пункт, киім тігетін шебер - хана, орта мектеп, клуб, екі кітапхана, аурухана, әйелдер босанатын үй, аптека, екі бақ бар . Міне, осы қысқа деректен бір кездегі 30 - 40 үйлі шағын ауылдың жетпіс жыл ішінде республикадағы ірі шаруашылыққа айналғанын көреміз. Кәрістер іргетасын қалаған осы колхоздың маңынан кейіннен Большевик және Гигант колхоздары өмірге келді. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтардан тұратын колхоздарда негізгі жұмыс күші қарттар, әйелдер мен балалар болса, кәріс колхоздарында еркектер болды.
Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл жүктеу
Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл слайд жүктеу


Скачать


zharar.kz