Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Өзгеріштік заңдылықтары. Модификациялық өзгергіштік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өзгергіштік заңдылықтарымен оның типтерімен болу себептерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өткенді жаңа сабақпен байланыстырып жүйелеу барысында білімін нақтылау және ойлау қаблетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, табиғатқа
деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, портреттер,
сызбанұсқалар.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: 12 мин
3. Үй тапсырмасын бекіту кезеңі: 5 мин
4. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: 25 мин
5. Жаңа сабақты бекіту кезеңі 10 мин
6. Зертханалық жұмыс 20 мин
7. Оқушыларды бағалау кезеңі: 3мин
8. Үй тапсырмасын беру кезеңі: 2 мин

Үй тапсырмасы сұрақ жауап арқылы бірнеше оқушылардан сұралады.
1. Генетика ғылымы нені зерттейді?
2. Генетиканың даму тарихы неше кезеңге бөлінеді?
3. Қазіргі кездегі генетиканың дамуы немен ерекшеленеді?
4. Тұқым қуалаушылық дегеніміз не?
5. Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын Г. Мендель қандай еңбегінде атап көрсетті?
6. Г. Мендель заңдарын ата?
7. Г. Мендель заңдарын түсіндір.

Жаңа сабақ.
Тұқым қуалаушылық сияқты өзгергіштікте барлық тірі организмдерге тән. Өзгергіштік деп - организмдердің даму онтогенезінде жаңа белгілермен қасиеттерге ие болу қаблетін айтады.
Модификациялық өзгергіштік дегеніміз - гендердің, хромасомалардың, генотивтерді өзгеруіне байланыссыз қоршаған орта факторларының әсерінен организмдерің ортаға бейімделіп фенотивтерінің өзгеруін айтады.

Кез келген организм нақты бір орта жағдайларында дамып жетіледі. Сондықтан қоршаған орта жағдайлары, атап айтқанда, температуралық ауытқулар, жарық пен ылғалдылықтың мол немесе жеткіліксіздігі, қоректік заттардың сапасы мен мөлшері міндетті түрде организмдердің тіршілігіне әсерін тигізеді.


Скачать


zharar.kz