Барлығы қанша тері

Скачать

Математика 3 сынып
Ашық сабақ
Тақырыбы: Санды 7 - ге көбейту және бөлу.

Сабақтың тақырыбы: 7 - ге көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты: 7 - ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру. Санды есе арттыру, артық ұғымдары жөнінде теңдеу құра білуге үйрету.
Сабақтың тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, ақыл - ой белсенділігін арттыруға, еңбекке халықтық педагогикалық негізде тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамытып, қиялын ұштау.
Сабақтың әдістері: Оқулық, көрнекілік, ауызша, жазбаша шығармашылық.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Пән аралық байланысы: Ана тілі, қазақ тілі, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: Көбейту кестесі, 2 есеп шарты, суреттер, қоржын.

Сабақтың барысы.
• Ұйымдастыру кезеңі.
1. Ертең қандай мереке? (Ертең тәуелсіздік күні)
2. Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толады? (15 жыл)
3. Тәуелсіздік үшін күрескен кім деген батырларды білесіңдер? (Қайрат, Ләззат, Сабира)
Олай болса, қаламызда үлкен мереке, той болады. Бүгінгі сабаққа жақсы қатыссақ, біз де сол тойға барамыз. Сабаққа 2 топ болып, жарыса қатысамыз.

• Үй тапсырмасын тексеру.
№3 а) Қалдықпен бөлуді орындау
19: 6=3 (қалд 1)
45: 6=7 (қалд 3)
46: 6=7 (қалд 4)
26: 6=4 (қалд 2)
34: 6=5 (қалд 4)
59: 6=9 (қалд 5)

ә) Қалдық бөлгіштен кіші болу керек.
Математикалық диктант
2*7=14 ------------- 14: 7=2
3*7=21 ------------ 21: 7=3
4*7=28 ------------- 28: 7=4
5*7=35 -------------- 35: 7=5
6*7=42 -------------- 42: 7=6
Нешеге көбейтуді аяқтадық?
Нешеге көбейтуді өтеміз?

• Жаңа сабақ. Кестемен жұмыс
7 - ге көбейту және бөлу. 7 санын 6 - ға дейін көбейтуді білеміз бе?
7*6=42
7*7=7*6+7
7*7=49
49: 7=7
8*7=8*6+8
8*7=56
56: 7=8
9*7=9*6+9
9*7=63
63: 7=9

• Сонымен, қандай санды көбейту, бөлумен таныстық? (7)
• Қазақ 7 санын қасиетті сан деп есептейді. Ата - бабаларымыз бұл сандарды қасиеттеп келген. Ендеше, осы 7 саны туралы не білеміз, балалар?
• 7 ата, 7 қазына, 7 күн, 7 жұт, 7 шелпек, 7 теңге садақа. (Әр оқушы жеке - жеке атау)
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.
№2 а) Әр тонға – 7 тері ------- 63 тері ---------- ә) Әр тымаққа – 2 тері
Тігілді – 7 тон ------------------------------------------- Тігілді – 7 тымақ
Қалғаны -? ----------------------------------------------- Қалды – 12 тері
--------------------------------------------------------------- Барлығы қанша тері -?

Ш: 63 - 7*7=14 ------------------ Ш: 2*7+12=26
Ж: Қалғаны 14 тері ----------- Ж: Барлығы 26 тері болған

Ұқсастығы:------------------------------------ Айырмашылығы:
• Екі амалмен орындалады ------------ 1. Жұмсалған тері әр түрлі
• Екеуі де тері туралы -------------------- 2. Мәндері әр түрлі
• Екеуі де 7 киім ----------------------------3. Бірінде барлығы белгісіз, бірінде қалғаны белгісіз.

№3. Өрнектер құру, мәндерін табу.
а) 8*7=56
9*7=63
7*7=49
7*1=7
56: 7=8
63: 7=9
49: 7=7
7: 7=1
56: 8=7
63: 9=7
49: 7=7
7: 1=7
7*8=56
7*9=63
7*7=49
1*7=7

ә) 70*7=490
80*7=560
90*7=630
10*7=70
7*70=490
7*80=560
7*90=630
7*10=70
490: 7=70
560: 7=80
630: 7=90
70: 7=10
• Жақсы, балалар. Өзі аңқаулығымен елге танымал болған, ақкөңіл де аңқау, қазақ ертегісіндегі кейіпкер кім? (Қожанасыр).

• Ендеше осы атамыз сендер қалай II тоқсанды аяқтағалы жүр екен, білімін көрсетсінші деп, біздің сынып оқушыларына қоржын тастап кетіпті. Соны көрейікші, ішінде не бар екенін.
Қожанасырдың тапсырмасы. (ауызша)
4. 56: 7=8
8*7=56 56: 8=7
7*8=56
63: 9=7
9*7=63 63: 7=9
7*9=63

5. Өрнектерді пайдаланып тура теңдіктер құру.
20: 2+5=3*5
120: 10=2*6
4*3=6*2
9*2=3*6
4*6=6*4
90: 3 - 2=7*4
200: 10=4*5
5*4=4*5
7*4=9+19
5*3=5*3

6. 7+21: 7=10
210: 7+180=210
7*6+29=71
(7+21): 7=4 (22+8)*7 - 10=200
45+5*7=80
7+49: 7=14 63: 7+31=40
4*7 - 19=9
(7+49): 7=8 (75+15)*7+110=740
8*7 - 37=19

7. Мәні 24 - ке тең көбейтінді жазу
3*8=24
4*6=24
8*3=24
6*4=24

Шығармашылық жұмысты орындайық.
Ш: (2+7)*7=63
Ж: Атасы 63 жаста.

• Сабақты қорытындылау.
Сонымен, бүгін қандай санға көбейту, бөлумен таныстық? Мысал келтіру
• Үйге тапсырма: №5.
• Оқушыларды бағалау


Скачать


zharar.kz